О внесении изменения в постановление акимата города Астаны от 3 марта 2004 года № 3-1-618п "Об утверждении Правил оказания социальной поддержки отдельным категориям граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата города Астаны от 3 марта 2004 года № 3-1-618п "Об утверждении Правил оказания социальной поддержки отдельным категориям граждан"
- Атауы (қаз.)
- "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 наурыздағы № 3-1-618қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23-562п
- Қабылданған күні
- 24.06.2010
- Көрсетілген редакция
- 22.11.2010 AI53654_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.11.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10A000643_
- ЭКБ идентификаторы
- 53654
- Редакция идентификаторы
- AI53654_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:55
0 "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 наурыздағы № 3-1-618қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 12 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 наурыздағы № 3-1-618қ қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 26 наурызда № 321 болып тіркелген; 2004 жылғы 10 сәуірдегі № 47 «Астана хабары», 2004 жылғы 8 сәуірдегі № 40 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасында:
4 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
4 «4. Әлеуметтік қолдау көрсету осы Ереженің 1-тармағында көрсетілген тұлғалардың өтініштері және мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:
1 1) жеке куәліктің көшірмесі;
2 2) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі берген мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі;
3 3) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі;
4 4) банктік шот ашылғандығын растайтын құжаттың көшірмесі.
Әлеуметтік қолдау көрсету өтініш берген айдан бастап жүзеге асырылады.».
2 2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның бірінші рет ресми түрде жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Әкiм И. Тасмағамбетов