О внесении изменения в решение районного маслихата от 3 июня 2005 года № С-18/7 "Об утверждении границ зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам земельного налога и кадастровой (оценочной) стоимости земель города Степняк"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение районного маслихата от 3 июня 2005 года № С-18/7 "Об утверждении границ зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам земельного налога и кадастровой (оценочной) стоимости земель города Степняк"
- Атауы (қаз.)
- Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2005 жылғы 3 маусымдағы № С-18/7 "Степняк қаласы жерлерінің кадастрлық (бағалау) құнымен жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін және аймақтық шекараларын бекіту туралы" шешіміне өзгерту енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- С-22/5
- Қабылданған күні
- 10.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 29.03.2018 51732_313776.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10BJ000115
- ЭКБ идентификаторы
- 51732
- Редакция идентификаторы
- 51732_313776
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:49
0 Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2005 жылғы 3 маусымдағы № С-18/7 "Степняк қаласы жерлерінің кадастрлық (бағалау) құнымен жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін және аймақтық шекараларын бекіту туралы" шешіміне өзгерту енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 11 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 387 бабына (Салық кодексі) сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Аудандық мәслихатының 2005 жылғы 3 маусымдағы «Степняк қаласы жерлерінің кадастрлық (бағалау) құнымен жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін және аймақтық шекараларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-10-10 тіркеліп, 2005 жылғы 1 шілдеде аудандық «Жаңа дәуір»-«Сельская Новь» газетінде жарияланған) № С–18/7 шешіміне келесідей өзгерту енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесідей редакцияда баяндалсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 11 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 387 бабына сәйкес» (Салық кодексі).
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет пен қаржы, заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
3 3. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне еніп, ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Ақмола облысы
Еңбекшілдер ауданының
әкімі Т. Хамитов
Степняк қаласының
әкімі Н. Рақымжанов