О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Астаны от 3 мая 2005 года № 3-1-320п "Об утверждении Правил организации и финансирования социальных рабочих мест"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Астаны от 3 мая 2005 года № 3-1-320п "Об утверждении Правил организации и финансирования социальных рабочих мест"
- Атауы (қаз.)
- "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 3-1-320қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23-465п
- Қабылданған күні
- 08.05.2009
- Көрсетілген редакция
- 20.03.2012 AI46089_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.03.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09A000579_
- ЭКБ идентификаторы
- 46089
- Редакция идентификаторы
- AI46089_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:07
0 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 3-1-320қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы " Дағдарыстан жаңарту мен дамуға " атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 , 18-1-баптарына , "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы Заңына , "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 қаулысының 1.5.-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 3-1-320қ қаулысына(Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 3 маусымдағы N 390 болып тіркелген, "Астана хабары" газетінің 2005 жылғы 14 маусымдағы N 79 нөмірінде; "Вечерняя Астана" газетінің 2005 жылғы 16 маусымдағы N 90 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидасын және оларды құруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін бекіту туралы";
қаулы кіріспесі "басқару" деген сөзден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
1 1-тармақ мына редакцияда жазылсын:
1 "1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидасы және оларды құруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі бекітілсін.";
жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымшада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидасы және оларды құруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі";
кіріспедегі "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Қағидасы" деген сөздер "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидасы және оларды құруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі" деген сөздермен ауыстырылсын;
кіріспесі "басқару" деген сөзден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта "қаржыландыру" деген сөзден кейін ", "оларды құруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу" деген сөздермен толықтырылсын;
"Департамент", "Департаментке" деген сөздер барлық мәтін бойынша тиісті "Басқарма", "Басқармаға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және оларды құруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі";
5 5-тармақ "қаражатынан" деген сөзден кейін "елу пайыз мөлшерінде, бірақ он бес мың теңгеден аспайтын" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақты 5-1 және 5-2 тармақтар мына мазмұнда толықтырылсын:
5-1 "5-1. "Алматы", "Есіл", "Сарыарқа" аудандарының әкімдері Басқарма-мен бірігіп әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
5-2
5-2. Халықтың нысаналы топтарынан адамдарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеуді Басқарма осы Ереженің 5-тармағымен қарастырылған және еңбек туралы заңнамалардың кәсіпорындарда сақталуы жағдайында қаржыландыру талаптарына сәйкес өтінім берген ұйымдардың санынан жүргізеді.";
6-тармақта "әлеуметтік жұмыс орындарын құруға тілек білдірген" деген сөздерді "іріктеуден өткен" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта "не болмаса жұмыс берушілердің есеп шоттарына" деген сөздер алынып тасталсын;
10-тармақта:
"ең төменгі еңбекақыдан кем емес" деген сөздер "он бес мың теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
"олардың есеп шотына" деген сөздер "көрсетілген тұлғалардың жеке шотына" деген сөздермен ауыстырылсын;
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидасы және оларды құруды ұсынатын ұйымдарды іріктеу тәртібіне 1-қосымшадағы "Департамент", "Департаменттің", "Департаментке", "Департаментті" деген сөздер "Басқарма", "Басқарманың", "Басқармаға", "Басқарманы" деген тиісті сөздермен ауыстырылсын;
кіріспедегі:
"директоры" деген сөз "бастығы" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
Қағидасын" деген сөздер "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
қағидасы және оларды құруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі (бұдан әрі - Қағида)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2.1.2 2.1.2.-тармақтағы:
"Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген ең төменгі еңбекақыдан кем емес мөлшерде (____теңге)" деген сөздер "он бес мың теңге" сөздерімен ауыстырылсын;
"әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру" деген сөздер алынып тасталсын;
"10-тармағына" деген сан мен сөз "5, 10-тармақтарына" деген сандар мен сөздерге ауыстырылсын;
2.2.6 2.2.6.-тармақтағы "Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ең төменгі жалақы төлемінің еңбекті төлеу мөлшері асып түскенде, меншікті қаражаттардан қосымша ақы жүргізеді" деген сөздер "Төлем Қағиданың 5, 10-тармақтарына сәйкес жүргізіледі" деген сөздермен ауыстырылсын;
3.1 3.1.-тармақтағы "әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру", "Жұмыс берушінің есеп шотына немесе" деген сөздер алынып тасталсын;
7.2 7.2.-тармақтағы "есеп шотына" деген сөздер "жеке шотына" деген сөздермен ауыстырылсын.
2 2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін жүргізсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Ә.М. Рахымжановқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Әкім И. Тасмағамбетов