О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 3 мая 2005 года № 3-1-320п "Об утверждении Правил организации социальных рабочих мест и порядка отбора работодателей, предлагающих их создание"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 3 мая 2005 года № 3-1-320п "Об утверждении Правил организации социальных рабочих мест и порядка отбора работодателей, предлагающих их создание"
- Атауы (қаз.)
- "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидасын және оларды құруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 3-1-320қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23-199п
- Қабылданған күні
- 11.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 20.03.2012 AI51751_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.03.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10A000621_
- ЭКБ идентификаторы
- 51751
- Редакция идентификаторы
- AI51751_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:48
0 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидасын және оларды құруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 3-1-320қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидасын және оларды құруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 3-1-320ққаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 3 маусымда № 390 болып тіркелген, «Астана хабары» газетінің 2005 жылғы 14 маусымдағы № 79 нөмірінде; «Вечерняя Астана» газетінің 2005 жылғы 16 маусымдағы № 90 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидасы және оларды құруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібінде (бұдан әрі – Қағида):
5 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
5
«5. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушілердің меншікті қаражаты есебінен құрылады. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған тұлғаларға еңбекақы төлеу жұмыс берушінің елу пайыздық қоса қаржыландыру шартымен, заңнамада тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі еңбекақы мөлшерінде ішінара қала бюджетінен жүзеге асырылады.»;
8-тармақта орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тіліндегі мәтіні өзгермейді;
10-тармақтағы «он бес мың теңге» деген сөздер «кемінде тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі еңбекақы» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақта:
«әлеуметтiк жұмыс орындарында жұмыс iстейтiн» деген сөздер «әлеуметтік жұмыс орындарына қатысқан» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар» «, басқа жұмыс берушiлер – 3-қосымшаға сәйкес» деген сөздер алынып тасталсын;
Қағидаға 1-қосымшада:
2.1.2-тармақтағы «Он бес мың теңге» деген сөздер «Кемінде тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі еңбекақы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2.2.2 2.2.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
2.2.2
«2.2.2. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа қабылданған тұлғалармен еңбек шарттарын жасайды және үш күн ішінде Басқармаға еңбек шартының, жеке куәліктің, әлеуметтік жеке кодтың (ӘЖК), салық төлеушінің тіркеу нөмірінің (СТТН), қабылданған тұлғаның жинақтаушы зейнетақы қорымен шартының көшірмелерін ұсынады.»;
2.2.6-тармақтағы «және берiлген мамандықтар бойынша кәсiпорындардағы жалақылар мен мөлшерлемелерге сүйенiп,» деген сөздер алынып тасталсын;
2.2.9 2.2.9-тармақ алынып тасталсын;
2.2.11-тармақта:
«тiзiмдердi,» деген сөз «әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейтін тұлғалар туралы мәліметтерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
«атқарылған жұмыстардың актiсiн» деген сөздер алынып тасталсын;
2.2.13-тармақтағы «зейнеткерлiк жарналарды аударуды» деген сөздер алынып тасталсын;
3.2 3.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
3.2 «3.2. Жұмыс берушiнің шығындарын өтеу ай сайын осы Шарттың 2.2.11-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде жүргiзiледi.»;
8-бөлімдегі «68а» деген сандар мен әріп «16» деген сандармен ауыстырылсын;
Қағидаға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаға 3-қосымша алынып тасталсын.
2 2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
4 Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысқан тұлғалар туралы МӘЛIМЕТ
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім И. Тасмағамбетов
Астана қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 11 наурыздағы
№ 23-199қ қаулысына
қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысқан тұлғалар туралы МӘЛIМЕТ
p/c
№
Аты-жөнi
(толық)
Лауазымы, кәсібі
Жұмыстың басталу күні (еңбек шартының № және оны жасау күні)
Жұмыс істеген күндер саны
Жұмыстың аяқталу күні (жұмыстан босатылу күні, себебі)
Орындалған жұмыстар үшін жұмыссыздарға барлығы есептелгені, теңге
1
2
3
4
5
6
7