О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 3 ноября 2006 года № 434 "Об утверждении квалификационных требований к аудиторским организациям по проведению обязательного аудита"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 3 ноября 2006 года № 434 "Об утверждении квалификационных требований к аудиторским организациям по проведению обязательного аудита"
- Атауы (қаз.)
- "Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 3 қарашадағы N 434 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 12
- Қабылданған күні
- 09.01.2008
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2013 AI37523_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V080005125_
- ЭКБ идентификаторы
- 37523
- Редакция идентификаторы
- AI37523_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:16
0 "Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 3 қарашадағы N 434 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
"Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 3 қарашадағы N 434 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4489 болып тіркелген, 2007 жылғы 12 қаңтарда "Заң газеті" газетінде N 5 (1034) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
4-тармақта "және 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін біліктілік талаптарының 3-тармағының 3) тармақшасын" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарында:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) халықаралық қаржылық есептілік және аудит стандарттарына сәйкес аудиттелген ұйымдардың болуы кемінде: бір ұйым 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап; үш ұйым 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бес ұйым 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап, он ұйым 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап;";
3-тармақтың 3) және 4) тармақшалары алынып тасталсын.
2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н. Айтжанова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.