О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о порядке пересечения казахстанско-российской государственной границы жителями приграничных территорий Республики Казахстан и Российской Федерации от 3 октября 2006 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о порядке пересечения казахстанско-российской государственной границы жителями приграничных территорий Республики Казахстан и Российской Федерации от 3 октября 2006 года
- Атауы (қаз.)
- 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 265-VІ
- Қабылданған күні
- 09.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 09.10.2019 135235_437027.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.10.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z1900000265
- ЭКБ идентификаторы
- 135235
- Редакция идентификаторы
- 135235_437027
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:15
0 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
хаттаманы ратификациялау туралы
2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2018 жылғы 9 қарашада Петропавлда жасалған хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 10-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1 1-бап
Келісімге 3-қосымшадағы Шекара маңындағы аумақтарда тұратын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту үшін жарамды құжаттар тізбесінде Қазақстан Республикасы азаматтары үшін 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі және оның шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы берген құжат.
2. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты және оның шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы берген құжат.".
2 2-бап
Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап 30 (отыз) күн өткеннен кейін уақытша қолданылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.
2018 жылғы 9 қарашада Петропавл қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей.
Қазақстан Республикасының
Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін
Үкіметі үшін