О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 3 октября 2007 года А-10/325 и решение Акмолинского областного маслихата от 3 октября 2007 года № 4С-2-9 «О переименовании некоторых населенных пунктов Акмолинской области по Аккольскому, Ерейментаускому, Аршалынскому, Енбекшильдерскому, Целиноградскому районам»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 3 октября 2007 года А-10/325 и решение Акмолинского областного маслихата от 3 октября 2007 года № 4С-2-9 «О переименовании некоторых населенных пунктов Акмолинской области по Аккольскому, Ерейментаускому, Аршалынскому, Енбекшильдерскому, Целиноградскому районам»
- Атауы (қаз.)
- «Ақкөл, Ерейментау, Аршалы, Еңбекшілдер, Целиноград аудандары бойынша Ақмола облысының кейбір елді мекендерінің атауларын өзгерту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 3 қазандағы № А-10/325 қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының 2007 жылғы 3 қазандағы № 4С-2-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-3/127
- Қабылданған күні
- 16.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 16.03.2018 120221_306438.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18B0006506
- ЭКБ идентификаторы
- 120221
- Редакция идентификаторы
- 120221_306438
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:18
0
«Ақкөл, Ерейментау, Аршалы, Еңбекшілдер, Целиноград аудандары бойынша Ақмола облысының кейбір елді мекендерінің атауларын өзгерту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 3 қазандағы № А-10/325 қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының 2007 жылғы 3 қазандағы № 4С-2-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Ақкөл, Ерейментау, Аршалы, Еңбекшілдер, Целиноград аудандары бойынша Ақмола облысының кейбір елді мекендерінің атауларын өзгерту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 3 қазандағы № А-10/325 қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының 2007 жылғы 3 қазандағы № 4С-2-9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3236 болып тіркелген, 2007 жылғы 30 қазанда «Арқа ажары» газетінде, 2007 жылғы 1 қарашада «Акмолинская правда» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Ақкөл, Ерейментау, Аршалы, Целиноград аудандары және Біржан сал ауданы бойынша Ақмола облысының кейбір елді мекендерінің атауларын өзгерту туралы»;
4 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«4. Біржан сал ауданы бойынша:
Үлгі ауылдық округінің Казгородок ауылы Үлгі ауылына өзгертілсін.»