Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 3 июля 2007 года № 163 «Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы реки Иртыш и реки Ульба в городе Усть-Каменогорске и режима их хозяйственного использования»

Қаулы · № 24 · қабылданған 07.02.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2007-no-163-ekb-119041/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 3 июля 2007 года № 163 «Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы реки Иртыш и реки Ульба в городе Усть-Каменогорске и режима их хозяйственного использования» Қолданыста Қаулы ·№ 24 ·07.02.2018
07.02.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 3 июля 2007 года № 163 «Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы реки Иртыш и реки Ульба в городе Усть-Каменогорске и режима их хозяйственного использования»

Қолданыста Қаулы ·№ 24 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 3 июля 2007 года № 163 «Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы реки Иртыш и реки Ульба в городе Усть-Каменогорске и режима их хозяйственного использования»
Атауы (қаз.)
«Өскемен қаласындағы Ертіс өзені мен Үлбі өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 3 шілдедегі № 163 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
24
Қабылданған күні
07.02.2018
Көрсетілген редакция
07.02.2018 119041_295418.kaz
Соңғы өзгеріс
07.02.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18V0005493
ЭКБ идентификаторы
119041
Редакция идентификаторы
119041_295418
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:53

0 «Өскемен қаласындағы Ертіс өзені мен Үлбі өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы

3 шілдедегі № 163 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданындағы «Железобетонный комбинат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен сұралып отырған «Құм-қиыршықтас-қойтас қоспалы қиыршықтас кен орындарын өнеркәсіптік игеру» учаскесінде су қорғау аймақтары мен белдеулерінің жобасын түзету» жобасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1.«Өскемен қаласындағы Ертіс өзені мен Үлбі өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 3 шілдедегі № 163 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2448, 2007 жылғы 7 тамыздағы № 94-95 (15846) «Дидар», 2007 жылғы 7 тамыздағы № 118 (18356) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулыға 1-қосымшада:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
4
Глубокое ауданының аумағындағы Үлбі өзенінің Каменный Карьер кентінен бастап Ертіс өзенінің ойысына дейінгі оң және солжағалаулар
15,49
1617,42
400-1600
19,07
842,76
30-500
»;
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе:
Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені бекітілген «Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің темір жол көпірінен бастап Новоявленка ауылына дейінгі солжағалау учаскесіндегі су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары», «Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің оң жағалауы мен Үлбі өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін белгілеу- Ертіс өзенінің Өскемен ГЭС-інен бастап жаңа автомобиль көпіріне дейінгі учаскесіндегі оң жағалауы (Пограничная көшесінің тұстамасында), - Үлбі өзенінің Каменный Карьер кентінен бастап Ертіс өзенінің ойысына дейінгі оң және сол жағалаулары», «Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданындағы «Железобетонный комбинат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен сұралып отырған «Құм-қиыршықтас-қойтас қоспалы қиыршықтас кен орындарын өнеркәсіптік игеру» учаскесінде су қорғау аймақтары мен белдеулерінің жобасын түзету» жобаларының картографиялық материалында көрсетілген.».

2 2. Облыс әкімінің аппараты, облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің
Шығыс Қазақстан облысы
Қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің басшысы
______________ Ғ. Сүлейменов
2018 жылғы «7» ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс
бассейндік инспекциясы
басшысының міндетін атқарушы
______________ Қ. Баймағамбетов
2018 жылғы «8» ақпан

Қолданыстағы