О внесении изменения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 3 июля 2007 года № 163 «Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы реки Иртыш и реки Ульба в городе Усть-Каменогорске и режима их хозяйственного использования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 3 июля 2007 года № 163 «Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы реки Иртыш и реки Ульба в городе Усть-Каменогорске и режима их хозяйственного использования»
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 3 шілдедегі № 163 «Өскемен қаласындағы Ертіс өзені мен Үлбі өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 164
- Қабылданған күні
- 04.05.2021
- Көрсетілген редакция
- 04.05.2021 155915_523734.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.05.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21V0008738
- ЭКБ идентификаторы
- 155915
- Редакция идентификаторы
- 155915_523734
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:15
0 Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 3 шілдедегі № 163 «Өскемен қаласындағы Ертіс өзені мен Үлбі өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Каменный Карьер ауылынан батысқа қарай 1,0 км жерде орналасқан № 050-068-086-045 және № 050-068-086-237 жер учаскелерінің шекараларында Үлбі өзенінің оң жағалауының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін белгілеу жөніндегі жобаны түзету» жобасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 3 шілдедегі № 163 «Өскемен қаласындағы Ертіс өзені мен Үлбі өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 2448 болып тіркелген, 2007 жылғы 7 тамызда «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясының басшысының міндетін атқарушы
______________ М. Иманжанов
2021 жылғы «___»_______________
7 Өскемен қаласындағы Ертіс өзені мен Үлбі өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2021 жылғы 4 мамырдағы
№ 164 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2007 жылғы «3» шілдедегі
№ 163 қаулысына
1 қосымша
Өскемен қаласындағы Ертіс өзені мен Үлбі өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Су объектісі,
оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
1
2
3
4
5
6
7
Өскемен қаласындағы темір жол көпірінен Новоявленка ауылына дейінгі сол жағалау учаскесіндегі Ертіс өзені
14,35
1325,3
500-2800
29,3
450,0
20-75
Өскемен ГЭС бөгеті тұстамасынан Пограничная көшесінің тұстамасындағы жаңа автомобиль көпіріне дейінгі Ертіс өзені, оң жағалау
12,70
980,01
300-1600
19,38
221,02
10-140
Өскемен қаласының аумағында Каменный Карьер кентінен Ертіс өзеніне құятын Үлбі өзенінің оң және сол жағалауы
19,75
2028,92
160-1600
27,87
592,59
20-380
Глубокое ауданының аумағында Каменный Карьер кентінен Үлбі өзені сағасына дейінгі сол жағалау
13,51
1446,74
400-1600
33,74
852,4
35
Глубокое ауданының аумағында Каменный Карьер кентінен Үлбі өзені сағасына дейінгі оң жағалау
1,98
154,76
400-1600
2,58
64,67
30-500
Ескертпе:
Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.