О внесении изменений в решение городского Маслихата от 3 апреля 2007 года № 231/38 "Об утверждении Правил предоставления малообеспеченным гражданам жилищных пособий на содержание жилья, оплату коммунальных услуг и компенсацию повышения тарифов абонентской платы за телефон абонентам городских сетей телекоммуникаций"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение городского Маслихата от 3 апреля 2007 года № 231/38 "Об утверждении Правил предоставления малообеспеченным гражданам жилищных пособий на содержание жилья, оплату коммунальных услуг и компенсацию повышения тарифов абонентской платы за телефон абонентам городских сетей телекоммуникаций"
- Атауы (қаз.)
- Қалалық Мәслихаттың 2007 жылғы 3 сәуірдегі № 231/38 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 36/6
- Қабылданған күні
- 08.04.2008
- Көрсетілген редакция
- 13.09.2010 39156_182923.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.09.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08KR000107
- ЭКБ идентификаторы
- 39156
- Редакция идентификаторы
- 39156_182923
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:41
0
Қалалық Мәслихаттың 2007 жылғы 3 сәуірдегі N 231/38 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 09 қыркүйектегі N 949 "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы N 553 "Қазақстан Республикасында тұрғын үй – коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қаулысының негізінде қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 03 сәуірдегі N 231/38 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде тіркеу нөмірі 8-4-70, "Приозерский Вестник" газетінің 2007 жылғы 4 мамырдағы N 11 (86) санында жарияланған), қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 12 шілдедегі N 273/42 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде тіркеу нөмірі 8-4-87, "Приозерский Вестник" газетінің 2007 жылғы 31 тамыздағы N 22 (97) санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
2 тармақтағы "20 пайыз тариф мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленеді" деген сөздер "11 пайыз тариф мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленеді" деген сөздермен ауыстырылсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық Мәслихаттың тұрақты әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қала әкімінің орынбасары
Қазиева Б.А.
04 сәуір 2008 жыл
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі бастығының
міндетін уақытша атқарушы
Нұрмағанбетова Б.М.
04 сәуір 2008 жыл
Қаржы бөлімінің басшысы
Қошқаралиев Қ.Қ.
04 сәуір 2008 жыл