О внесении изменений и дополнения в решение Щучинского районного маслихата от 3 июля 2008 года N С-7/7 "Об утверждении Правил "О предоставлении малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома), потребления коммунальных услуг и телефонной абонентской связи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение Щучинского районного маслихата от 3 июля 2008 года N С-7/7 "Об утверждении Правил "О предоставлении малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома), потребления коммунальных услуг и телефонной абонентской связи"
- Атауы (қаз.)
- Щучье аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 3 шілдедегі N С-7/7 "Тұрғын үйді (жеке тұрғын үйден басқа) күтіп ұстау және телефон абоненттерінің байланысына жәрдемақы беру" Ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- С-10/4
- Қабылданған күні
- 23.12.2008
- Көрсетілген редакция
- 21.10.2011 43736_205108.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.10.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08BS000144
- ЭКБ идентификаторы
- 43736
- Редакция идентификаторы
- 43736_205108
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:17
0 Щучье аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 3 шілдедегі N С-7/7 "Тұрғын үйді (жеке тұрғын үйден басқа) күтіп ұстау және телефон абоненттерінің байланысына жәрдемақы беру" Ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 «Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қаулысына сәйкес Щучье аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Щучье аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 3 шілдедегі № С-7/7 «Тұрғын үйді (жеке тұрғын үйден басқа) күтіп ұстау және коммуналдық қызметтерге төлемақы жасау үшін әл-ауқаты төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй және телефон абоненттерінің байланысына жәрдемақы беру» Ережелерін бекіту туралы» (Аймақтық Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 1-19-130, 2008 жылғы 28 тамыздағы № 38 аудандық «Бурабай» газетінде, 2008 жылғы 25 тамыздағы № 68 аудандық «Луч», газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістері мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе сөзбсындағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы 2006-2008 жылдарына арналған тұрғын үй-коммуналдық саласын дамыту Бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына» сөздері алып тасталсын, «Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» сөздерінен кейін «Қазақстан Республикасының № 3.02-01-2001 «Тұрғын ғимараттар» Құрылыстық нормалары және ережелеріне сәйкес» сөздерімен толықтырылсын;
1 тараудың 2 тармағындағы «жеке меншік үйде» сөздері «биіктігі екі қабаттан аспайтын үйге» сөздеріне ауыстырылсын;
3 тараудың 22 тармағындағы «тұрғындар үшін» сөздерінен кейін «айына» сөзімен толықтырылсын;
4 тараудың 24, 25, 27, 28, 29 тармақтарындағы,6 тараудың 36 тармағындағы «жеке меншік», «жеке меншіктегі» сөздері алып тасталсын;
4 тараудың 25 тармағындағы «5 (бес) тоннадан аспау керек» сөздері «3 (үш) тоннадан аспау керек» сөздеріне ауыстырылсын;
3 3. Осы шешім Ақмола облысы Щучье аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Щучье ауданының әкімі В.Балахонцев
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы М. Нұрпанова
Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің бастығы Г. Тінәлинова
Қаржы бөлімінің бастығы В.Корнеева