О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Костаная от 3 января 2008 года № 1 "О социальной помощи отдельным категориям граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Костаная от 3 января 2008 года № 1 "О социальной помощи отдельным категориям граждан"
- Атауы (қаз.)
- "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 03 қаңтардағы № 1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 921
- Қабылданған күні
- 11.04.2008
- Көрсетілген редакция
- 11.04.2008 AI39160_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.04.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08NA000102
- ЭКБ идентификаторы
- 39160
- Редакция идентификаторы
- AI39160_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:39
0 "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 03 қаңтардағы № 1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 64-1-бабы 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , "Қостанай қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы" Қостанай қаланың мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 26 шешіміне (тіркеу нөмірі 9-1-93 2007 жылғы 26 желтоқсандағы) сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 3 қаңтардағы № 1 қаулысына (тіркеу нөмірі 9-1-95 2008 жылғы 23 қаңтардағы, 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 8 "Қостанай" газетінде жарияланған) мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтағы 5), 8) тармақшаларда "жәрдемақы алатын" деген сөздерден кейін "немесе бұрын зейнетақы алған" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ 12-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"12-1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы күшіне енгізілгеннен кейін осы қаулының 1-тармағы 5), 8), 11) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекке "Отан", "Даңқ" ордендерімен марапатталған, жоғары дәрежелі ерекшелік белгілері - "Халық қаһарманы" атағына, республикалық құрметті атақтарына ие болған азаматтардың құқығы бар";
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін күшіне енгізіледі және 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған әрекеттерге қолданылады."
көрсетілген қаулымен бекітілген, Әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттар тізімдемесіне:
1-тармақтың 5) тармақшасында:
төртінші абзацта "жәрдемақы алатын" деген сөздерден кейін "немесе бұрын зейнетақы алған" деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші абзацта "көшірмесі" деген сөзден кейін "немесе көрсетілген зейнетақы тағайындау туралы шешімнен алынған үзіндісі" деген сөздермен толықтырылсын;
тоғызыншы абзацта "шешімнің" деген сөзден кейін "немесе белгісі бар зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі" деген сөздермен толықтырылсын;