О внесении изменений в решение акима сельского округа Танирберген от 3 декабря 2008 года № 1 «О присвоении наименования улицам населенных пунктов сельского округа Танирберген»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима сельского округа Танирберген от 3 декабря 2008 года № 1 «О присвоении наименования улицам населенных пунктов сельского округа Танирберген»
- Атауы (қаз.)
- Тәңірберген ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 3 желтоқсандағы № 1 «Тәңірберген ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 05.01.2021
- Көрсетілген редакция
- 05.01.2021 151506_503530.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21CHF07943
- ЭКБ идентификаторы
- 151506
- Редакция идентификаторы
- 151506_503530
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:04
0 Тәңірберген ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 3 желтоқсандағы № 1
«Тәңірберген ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне
атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26 бабына сәйкес, Тәңірберген ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Тәңірберген ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 3 желтоқсандағы № 1 «Тәңірберген ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-72 болып тіркелген, 2009 жылғы 7 қантардағы «Мәртөк тынысы»газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және халық пікірін ескере отырып, Тәңірберген ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
қазақ тіліндегі шешімнің 4 тармағындағы «күтізбелік» сөзі «күнтізбелік» сөзімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі шешімнің мәтіні өзгермейді.