Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение акима Карагашского сельского округа от 3 ноября 2008 года № 13 «О присвоении наименования улицам села Нурбулак»

Өзге акт · № 3 · қабылданған 23.01.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2008-no-13/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменения в решение акима Карагашского сельского округа от 3 ноября 2008 года № 13 «О присвоении наименования улицам села Нурбулак» Қолданыста Өзге акт ·№ 3 ·23.01.2020
23.01.2020 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение акима Карагашского сельского округа от 3 ноября 2008 года № 13 «О присвоении наименования улицам села Нурбулак»

Қолданыста Өзге акт ·№ 3 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение акима Карагашского сельского округа от 3 ноября 2008 года № 13 «О присвоении наименования улицам села Нурбулак»
Атауы (қаз.)
Қарағаш ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 3 қарашадағы № 13 «Нұрбұлақ ауылына көше атауын беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3
Қабылданған күні
23.01.2020
Көрсетілген редакция
23.01.2020 139242_441364.kaz
Соңғы өзгеріс
23.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20CCL06787
ЭКБ идентификаторы
139242
Редакция идентификаторы
139242_441364
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:15

0 Қарағаш ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 3 қарашадағы № 13 «Нұрбұлақ ауылына көше атауын беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына сәйкес, Қарағаш ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Қарағаш ауылдық округі әкімінің қазақ тіліндегі 2008 жылғы 3 қарашадағы № 13 «Нұрбұлақ ауылына көше атауын беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-62 болып тіркелген, 2009 жылғы 17 ақпанда «Жұлдыз-Звезда» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
қазақ тіліндегі шешімнің кіріспесі келесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Нұрбұлақ ауылы халқының пікірін ескере отырып, Қарағаш ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».

2 2. «Қарағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы