О внесении изменения в постановление акимата Мангистауской области от 3 июня 2008 года № 404 "Об утверждении Инструкции по использованию средств, предусмотренных в областном бюджете по программе "Кредитование АО "Фонд развития малого предпринимательства" на реализацию государственной инвестиционной политики"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Мангистауской области от 3 июня 2008 года № 404 "Об утверждении Инструкции по использованию средств, предусмотренных в областном бюджете по программе "Кредитование АО "Фонд развития малого предпринимательства" на реализацию государственной инвестиционной политики"
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облысы әкімдігінің "Мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға арналған" Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ несиелендіру" бағдарламасы бойынша облыстық бюджетте қаралған қаражатты пайдалану Нұсқаулығын бекіту туралы" 2008 жылғы 3 маусымдағы № 404 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 775
- Қабылданған күні
- 25.08.2008
- Көрсетілген редакция
- 11.07.2012 41612_173806.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.07.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08M0002029
- ЭКБ идентификаторы
- 41612
- Редакция идентификаторы
- 41612_173806
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:56
0 Маңғыстау облысы әкімдігінің "Мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға арналған" Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ несиелендіру" бағдарламасы бойынша облыстық бюджетте қаралған қаражатты пайдалану Нұсқаулығын бекіту туралы" 2008 жылғы 3 маусымдағы № 404 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы заңдарына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің "Мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға арналған "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ несиелендіру" бағдарламасы бойынша облыстық бюджетте қаралған қаражатты пайдалану Нұсқаулығын бекіту туралы" 2008 жылғы 3 маусымдағы № 404 қаулысына (нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде № 2016 тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2008 жылғы 14 маусымдағы № 92 жарияланған, нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде № 2023 тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2008 жылғы 28 тамызында № 132 жарияланған Маңғыстау облысы әкімдігінің "Маңғыстау облысы әкімдігінің "Мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға арналған "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ несиелендіру" бағдарламасы бойынша облыстық бюджетте қаралған қаражатты пайдалану Нұсқаулығын бекіту туралы" 2008 жылғы 3 маусымдағы № 404 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 14 шілдедегі № 518 қаулысымен өзгерістер енгізілген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
облыс әкімдігінің көрсетілген қаулысының атауында, бүкіл мәтінінде және қосымшаларында:
"Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ" деген сөздер "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ" деген сөздермен, "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (одан әрі - "ШКДҚ" АҚ)" деген сөздер "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (одан әрі - "ДАМУ" КДҚ" АҚ)" деген сөздермен ауыстырылсын;
қоса берілген "Мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға арналған "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ несиелендіру" бағдарламасы бойынша облыстық бюджетте қаралған қаражатты пайдалану Нұсқаулығының 2 тарауындағы 7 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Бір қарыз қаражаттың ең жоғарғы сомасы 120 000 айлық есеп көрсеткішінен аспауға тиіс."
қоса берілген "Мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға арналған "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ несиелендіру" бағдарламасы бойынша облыстық бюджетте қаралған қаражатты пайдалану жөніндегі Нұсқаулықтың 6 тарауы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Бортникке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
М.М. Бортник
М.М.Әбдірахманов
С.А. Бермұхамедов
Е.А. Бектұрғанов
А. Әбдешұлы
Ш.Қ. Өсербаева
Маңғыстау облысы
қаржы басқармасының бастығының
міндетін атқарушы
" 25 " тамызда 2008 жыл.
Х.Х. Нұрғалиева
Маңғыстау облысы
экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасының бастығы
" 25 " тамызда 2008 жыл.
Л.О. Олжабаева
Маңғыстау облысы
өнеркәсіп және кәсіпкерлік
басқармасының бастығының
міндетін атқарушы
" 25 " тамызда 2008 жыл
4 Маңғыстау облысы әкімдігінің
2008 жылғы 25 тамыздағы
№ 775 қаулысына қосымша
6. Экономикалық қызметтің жалпы сыныптамасына сәйкес Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарымен бюджеттік несиелендірудің басымдықты бағыттарының тізбесі
Облыстық бюджеттен қаражат, бірінші кезекте, мынадай басымдықты бағыттарды несиелендіруге бөлінетін болады:
ауыл шаруашылығы, аңшылық және осы салалардағы қызметтерін ұсыну;
балық аулау, балық өсіру мен осы салалардағы қызметтерін ұсыну;
тау-кен өндіру өнеркәсібі салалары;
сусындар енетін, тамақ өнімдерінің өндірісі;
тоқыма өндірісі;
киім, үлбір өңдеу және бояу өндірісі;
тері, теріден жасалатын бұйымдар өндірісі және аяқ киім өндірісі;
жиһаздан басқа, ағаш өңдеу және ағаштан жасалатын бұйымдар мен тығындар;
қағаз түрлерінің, қағаздар, картондар мен олардан жасалатын бұйымдар өндірісі;
баспа және полиграфия қызметі, жазылған ақпарат жеткізушілерді таралымдау;
резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі;
басқа да металл емес минералдық өнімдер өндірісі;
электр машиналары мен электр жабдықтарының өндірісі;
радио, телевизия және байланысқа арналған аппаратуралар өндірісі;
жиһаздар мен басқа да бұйымдар өндірісі;
су жинау, тазалау және тарату;
құрылыс;
автомобильге техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
тұрмыстық бұйымдар мен жеке қолданыстағы құралдарды жөндеу;
қонақ үйлерімен және мейрамханалармен көрсетілген қызметтерін ұсыну;
құрғақта жүру көлігінің қызметі;
теңіз көлігінің қызметі;
туристік агенттіктер қызметі;
жүк тасымалын ұйымдастыру.
Бұдан басқа, өңірлік шикізаттық емес экономиканы дамыту үшін зор маңызы бар, шағын және орта бизнес субъектілерінің басқа да қызмет түрлерін несиелендіру қарастырылады.