Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 3 октября 2008 года № 548 "Об утверждении Правил организации и функционирования единой информационной системы образования"

Бұйрық · № 528 · қабылданған 18.11.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2008-no-548/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 3 октября 2008 года № 548 "Об утверждении Правил организации и функционирования единой информационной системы образования" Күшін жойған Бұйрық ·№ 528 ·18.11.2009
01.12.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 3 октября 2008 года № 548 "Об утверждении Правил организации и функционирования единой информационной системы образования"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 528 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 3 октября 2008 года № 548 "Об утверждении Правил организации и функционирования единой информационной системы образования"
Атауы (қаз.)
"Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы N 548 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
528
Қабылданған күні
18.11.2009
Көрсетілген редакция
01.12.2011 AI49311_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.12.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005947_
ЭКБ идентификаторы
49311
Редакция идентификаторы
AI49311_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:01

0 "Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы № 548 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Жалпы орта білім беру ұйымдарын басқаруды автоматтандыру жөніндегі ақпараттық жүйенің енгізілуіне байланысты БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы N 548 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5343 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының 2008 жылғы 15 қарашадағы N 11 актілер жинағында жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесінде:
4-тармақ:
4) тармақшада "білім беру ұйымдарының" деген сөздердің алдынан "ақпараттық жүйені енгізетін заңды және жеке тұлғаларды тарта отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақшада "білім беру жүйесінің" деген сөздердің алдынан "бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурстары және/немесе мобильдік байланыс арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақ:
бірінші абзацтағы "төрт" сөзі "бес" сөзімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) нәтижелілік – білім беру ұйымдарына енгізілген ақпараттық жүйе арқылы оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуының жедел мониторингі және оны бағалау.";
10-тармақ "жұмыс істеуіне" деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
"6) ата-аналар аудиториясы үшін білім беру ұйымдары оқушыларының ағымдағы және кезеңдік үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы ақпаратты жинауға және беруге;
7) Министрлік және оның құрылымдық бөлімшелері үшін білім беру ұйымдары оқушыларының ағымдағы және кезеңдік үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы ақпаратты жинауға және талдауға.";
14-тармақ мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
"8) ата-аналарды оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуының ағымдағы деңгейі туралы қашықтықтан ақпараттандыру;
9) ата-аналар мен оқушылар үшін оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуының электрондық тізілімдер жүйесінің интернет-ресурсы.";
18-тармақ:
1) тармақша мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
"корпоративтік ынтымақтастық – балалардың ағымдағы үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы ата-аналарды жедел ақпараттандыру жүйесін дамыту.";
2) тармақша мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
"оқушылар үлгерімінің ағымдағы және кезеңдік нәтижелерінің электрондық базасын басқару.";
20-тармақтың 3) тармақшасындағы "сертификатталған" деген сөзден кейін "және патент қорғаған" деген сөздермен толықтырылсын;
36-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
"15) республиканың оқу орындарындағы оқушылар үлгерімінің электрондық тізілімі.".

2 2. Мемлекеттік сатып алу және күрделі құрылыс департаменті (Н. Қыстаубай):

1 1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;

2 2) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының барлық білім басқармаларына (департаменттеріне), жоғары оқу орындарына жеткізсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Ф.Ш. Қуанғановқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы