Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 марта 2009 года № 238 "Об утверждении Правил ценообразования на регулируемых рынках"

Қаулы · № 1402 · қабылданған 30.11.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2009-no-238-ekb-61662/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 марта 2009 года № 238 "Об утверждении Правил ценообразования на регулируемых рынках" Күшін жойған Қаулы ·№ 1402 ·30.11.2011
08.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 марта 2009 года № 238 "Об утверждении Правил ценообразования на регулируемых рынках"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1402 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 марта 2009 года № 238 "Об утверждении Правил ценообразования на регулируемых рынках"
Атауы (қаз.)
"Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 238 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1402
Қабылданған күні
30.11.2011
Көрсетілген редакция
08.09.2015 AI61662_2.kaz
Соңғы өзгеріс
08.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100001402
ЭКБ идентификаторы
61662
Редакция идентификаторы
AI61662_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:01

0 "Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 238 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 238 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 13, 93-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Бағалардың негізділігін қараған кезде уәкілетті орган:
жоспарланып отырған баға жобаларын сол тауар нарығында немесе салыстырмалы тауар нарықтарында, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде басқа субъектілер белгілеген ұқсас тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағаларымен;
Субъект қолданатын өнімнің, тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бір бірлігін шығаруға арналған шикізат, материалдар, отын, материалдық ресурстар энергиясы шығысының нормаларын және (немесе) материалдық ресурстардың жылдық нормаларын мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен тиісті салалық нормалармен немесе салыстырмалы реттелетін нарықтарда қызметтер көрсететін субъектілер қолданатын нормалармен салыстыру жолымен;
Субъект персоналының еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстарды салыстырмалы реттелетін нарықтарда қызметтер көрсететін нарық субъектілерінің еңбегіне ақы төлеуге арналған шығындармен;
Субъект бағаларының ұлғаюына әсер ететін басқа да шыгыстарға салыстырмалы талдау жолымен сараптама жүргізеді.".

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы