О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 марта 2009 года № 238 "Об утверждении Правил ценообразования на регулируемых рынках"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 марта 2009 года № 238 "Об утверждении Правил ценообразования на регулируемых рынках"
- Атауы (қаз.)
- "Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 238 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1022
- Қабылданған күні
- 04.08.2012
- Көрсетілген редакция
- 08.09.2015 AI67023_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200001022
- ЭКБ идентификаторы
- 67023
- Редакция идентификаторы
- AI67023_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:39
0 "Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 238 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 238 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 13, 93-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесінде:
2-тармақ мынадай редакциядағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) отын алымы – есептеген кезде өсуін ескеру мүмкін болмаған тасымалдауға арналған тариф қолданылатын кезеңде авиациялық отынға шығындардың өсуін өтеу мақсатында авиакомпания алатын алым;»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Отын алымының енгізілуіне байланысты бағалардың алдағы көтерiлуi туралы хабарламаға:
1) авиатасымал қызметтері бойынша бағалардың жобасы;
2) авиациялық отын құнының өсуін растайтын шарттардың көшірмелері;
3) әрбір авиациялық маршрутқа және әуе кемесінің типіне отын қажеттілігінің есебі қоса беріледі. Бұл ретте осы тармақтың үшінші бөлігінің талаптары осы жағдайға қолданылмайды.»;
8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Отын алымының енгізілуіне байланысты бағаның негізділігін қарау кезінде уәкілетті орган осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген субъекті ұсынған авиациялық отын құнының өсуін растайтын құжаттарға талдау жасау негізінде бағаларға сараптама жүргізеді.»;
10-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Баға сараптамасының нәтижелерi бойынша, отын алымының енгізілуіне байланысты бағалардың алдағы көтерiлуi туралы хабарламаны алған күнінен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей уәкілетті орган субъектiге:
1) бағаны көтеруге тыйым салу;
2) жобаланған бағаны осы Ережеге сәйкес негiзделген баға деңгейiне дейiн төмендету туралы дәлелдi қорытынды жiбередi.».