Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 марта 2009 года № 238 "Об утверждении Правил ценообразования на регулируемых рынках"

Қаулы · № 692 · қабылданған 05.07.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2009-no-238/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 марта 2009 года № 238 "Об утверждении Правил ценообразования на регулируемых рынках" Күшін жойған Қаулы ·№ 692 ·05.07.2013
08.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 марта 2009 года № 238 "Об утверждении Правил ценообразования на регулируемых рынках"

Күшін жойған Қаулы ·№ 692 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 марта 2009 года № 238 "Об утверждении Правил ценообразования на регулируемых рынках"
Атауы (қаз.)
"Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 238 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
692
Қабылданған күні
05.07.2013
Көрсетілген редакция
08.09.2015 AI73314_2.kaz
Соңғы өзгеріс
08.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000692
ЭКБ идентификаторы
73314
Редакция идентификаторы
AI73314_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:48

0 "Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 238 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 238 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 13, 93-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесінде:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) инвестициялық бағдарлама – бір немесе бірнеше инвестициялық жобаны қамтитын, техникалық-экономикалық тиімділік алу мақсатында қысқа мерзімді, орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңге арналған реттелетін нарық субъектісінің жаңа активтерді жасауға, қолда бар активтерді кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, негізгі құралдарды реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған қаражатты салу және қайтару бағдарламасы.»;
7-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағаларға мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша және (немесе) негізсіз баға белгіленгенін көрсететін шағымдардың, ақпараттың, мәліметтердің негізінде, сондай-ақ реттелетін нарық субъектісі Заңның 7-3–бабының 3) және 3-1) тармақшаларында белгіленген міндеттерді орындамаған жағдайда, уәкілетті орган осы Ережеге сәйкес бағаға сараптама жүргізеді.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Уәкілетті орган қосымша ақпаратты жазбаша нысанда Заңның 7-3-бабы 1) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес сұратады.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы