Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 ноября 2010 года № 1150 "О некоторых вопросах ведения учета и предоставления отчетности таможенному органу"

Қаулы · № 1447 · қабылданған 15.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2010-no-1150/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 ноября 2010 года № 1150 "О некоторых вопросах ведения учета и предоставления отчетности таможенному органу" Күшін жойған Қаулы ·№ 1447 ·15.11.2012
28.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 ноября 2010 года № 1150 "О некоторых вопросах ведения учета и предоставления отчетности таможенному органу"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1447 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 ноября 2010 года № 1150 "О некоторых вопросах ведения учета и предоставления отчетности таможенному органу"
Атауы (қаз.)
"Есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1150 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1447
Қабылданған күні
15.11.2012
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI68604_1.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001447
ЭКБ идентификаторы
68604
Редакция идентификаторы
AI68604_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:53

0 "Есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1150 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1150 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 59, 568-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 37, 44, 51, 210, 262-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «бекітілсін.» деген сөз алынып тасталып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден органына есептілікті ұсыну қағидалары;
5) Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалардың кеден органына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.».
осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес қосымшалармен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден органына есептілікті ұсыну қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 қарашадағы
№ 1447 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 3 қарашадағы
№ 1150 қаулысымен
бекітілген
Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден органына есептілікті ұсыну қағидалары

1

1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 210-бабына сәйкес әзірленді және арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден органына есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.

2

2. Кеден органдары сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлар туралы есепті (бұдан әрі – есеп) алу үшін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғаларға талаптың тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтімімен жолдайды.

3 3. Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалар тіркелген орны бойынша кеден органына кеден органының жазбаша талабы бойынша осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Excel форматында қағаз және электронды тасығышта есеп ұсынады.

Қағаз тасығыштағы есепке бірінші басшы не оны алмастыратын тұлға және бас бухгалтер қол қояды, заңды тұлғаның мөрімен куәландырылады.

4 4. Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалар кеден органының талабында белгіленген мерзімде кеден органына есептілікті ұсынбағаны және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін жауапты болады.

1.1 Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден органына есептілікті ұсыну туралы талабы

Арнайы оңайлатуларды
пайдаланатын тұлғалардың
сақталатын, тасымалданатын,
өткізілетін, қайта өңделетін және
(немесе) пайдаланылатын
тауарлары туралы, оның ішінде
ақпараттық технологияларды
пайдалана отырып, кеден
органына есептілікті
ұсыну қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден органына есептілікті ұсыну туралы талабы
«___» ____________ 20__ ж. № ___________________
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан
Республикасы Кодексінің 210-бабына сәйкес
_____________________________________________________________________
(кеден органның атауы)
Сізге
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе есептілікті ұсынушы
заңды тұлғаның толық атауы)
_____________________________________________________________________
(салық төлеушінің тіркеу нөмірі 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін
тауарларды кедендік декларациялауды (ресімдеуді) жүзеге асырған
кезде толтырылады)
_____________________________________________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі 2013 жылғы 1 қаңтардан кейін тауарларды
кедендік декларациялауды жүзеге асырған кезде толтырылады)
_____________________________________________________________________
(тексерілетін тұлғаның заңды мекенжайы және орналасқан орны)
«___» __________ ____ ж. «___» __________ ____ ж. дейінгі
кезеңде ресімделген сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта
өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлар туралы есептілікті
ұсынудың қажеттігі туралы хабардар етеді.
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан
Республикасы Кодексінің 14, 210-баптарына сәйкес Сізге есепті
тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей тоқсан сайын Арнайы
оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын,
өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары
туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып,
кеден органына есептілікті ұсыну қағидаларына 2-қосымшасында
белгіленген нысан бойынша өсу қорытындысымен сақталатын,
тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе)
пайдаланылатын тауарлар туралы есепті ұсыну қажет.
Кеден органының бастығы
_______________________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
«___» _______________ 20__ ж. М.О.

1.2 Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және пайдаланылатын тауарлары туралы есеп

Арнайы оңайлатуларды
пайдаланатын тұлғалардың
сақталатын, тасымалданатын,
өткізілетін, қайта өңделетін және
(немесе) пайдаланылатын
тауарлары туралы, оның ішінде
ақпараттық технологияларды
пайдалана отырып, кеден
органына есептілікті
ұсыну қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және пайдаланылатын тауарлары туралы есеп
Ар­найы оңай­ла­ту­лар­ды пай­да­ла­на­тын тұ­лға­лар­дың ата­уы
Ар­найы оңай­ла­ту­лар­ды пай­да­ла­на­тын тұ­лға­лар­дың СТН (БСН)*
Тран­зит­тік де­кла­ра­ци­я­ның неме­се ХЖТ кі­тап­ша­сы­ның нө­мі­рі
Оның ай­ма­ғын­да та­у­ар­лар­дың ке­ден­дік та­зар­ты­луы жү­зе­ге асы­ры­л­ған аумақ­тық ке­ден ор­га­ны­ның ата­уы
Та­у­ар­лар­ға ар­нал­ған де­кла­ра­ци­я­ның нө­мі­рі
КОК-ның 20.09.2010 ж. № 378 ше­ші­міне 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ке­ден­дік рә­сім­дер түр­ле­рі­нің жік­те­уі­шіне сәй­кес ке­ден­дік рә­сім­дер тү­рі­нің ко­ды
КО СЭҚ ТН ко­ды
Та­у­ар­лар­дың ата­уы
Ста­ти­сти­ка­лық құн (АҚШ долл.)
Та­у­ар­лар­дың сал­ма­ғы нет­то/брут­то (кг), қо­сым­ша өл­шем бір­лік­те­рін­де­гі кө­ле­мі
Ке­ден­дік тө­лем­дер мен са­лық­тар­дың бюд­жет­ке тө­ле­ну­ге жа­та­тын со­ма­сы
Бюд­жет­ке тө­лен­ген ке­ден­дік тө­лем­дер мен са­лық­тар­дың со­ма­сы
КОК-ның 20.09.2010 ж. № 378 ше­ші­міне 16-қо­сым­ша­ға сәй­кес ар­найы оңай­ла­ту­лар түр­ле­рі­нің жік­те­уі­шіне сәй­кес ар­найы оңай­ла­ту­лар­ды пай­да­ла­на­тын тұ­лға­лар­мен қол­да­ны­л­ған ар­найы оңай­ла­ту­лар тү­рі­нің ко­ды
Есеп­ті тоқ­сан
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
* - СТН – 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тауарларды кедендік декларациялауды (ресімдеуді) жүзеге асырған кезде толтырылады,
- БСН - 2013 жылғы 1 қаңтардан кейін тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асырған кезде толтырылады.
Басшы _________________________ тегі, аты-жөні
(қолы)
Бас бухгалтер _________________ тегі, аты-жөні
(қолы)
Заңды тұлғаның мөрімен расталады.

2 Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалардың кеден органына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есептілікті ұсыну қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 қарашадағы
№ 1447 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 3 қарашадағы
№ 1150 қаулысымен
бекітілген
Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалардың кеден органына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есептілікті ұсыну қағидалары

1

1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 210-бабына сәйкес әзірленді және шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалардың кеден органына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.

2

2. Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалар, қызмет ету аймағында кедендік декларациялау (ресімдеу) жүргізілген кеден органына, аталған кеден органының жазбаша талабы бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда Excel форматында қағаз және электронды тасығышта есеп ұсынады.

3 3. Кеден органы есепті алу үшін осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғаларға талапты тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтімімен жолдайды.

4

4. Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, кедендік баждар, салықтар және кедендік алымдар бойынша берешегінің (болуы) болмауы туралы анықтаманы алу өтінішімен бірге аталған тұлғалар, оның қызмет ету аймағында кедендік декларациялау (ресімдеу) жүргізілген кеден органына қайта ұйымдастырылған немесе таратылған күнгі жағдай бойынша шетелдік тауарлар бойынша есепті ұсынады.

5 5. Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалар, кеден органының талабында белгіленген мерзімде кеден органына есептілікті ұсынбағаны және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін жауапты болады.

2.1 «___» ____________ _____ ж. бастап «___» _____________ _____ ж. дейінгі кезеңде шетелдік тауарларды оның ішінде, оларға қатысты мөлшері Бірыңғай кедендік тарифпен белгіленген кедендік әкелу баждары ставкаларының мөлшерінен аз кедендік әкелу баждарының ставкалары қолданылатын тауарларды пайдалану жөніндегі есеп*

Шетелдік тауарларды
пайдаланатын және (немесе)
иеленетін тұлғалардың
кеден органына, оның ішінде
ақпараттық технологияларды
пайдалана отырып, есептілікті
ұсыну қағидаларына
1-қосымша
Нысан
«___» ____________ _____ ж. бастап «___» _____________ _____ ж. дейінгі кезеңде шетелдік тауарларды оның ішінде, оларға қатысты мөлшері Бірыңғай кедендік тарифпен белгіленген кедендік әкелу баждары ставкаларының мөлшерінен аз кедендік әкелу баждарының ставкалары қолданылатын тауарларды пайдалану жөніндегі есеп*
тел. ____________/факс ______________,
_____________________________________,
(тұлғаның атауы)
_____________________________________, СТН, ЖСН, БСН
(тіркеу мекенжайы)
Р/с №
Тұл­ға­ның ата­уы
СТН/ЖСН/БСН**
ТД (ЖКД) №
Та­у­ар­дың ата­уы
КО СЭҚ ТН (ҚР СЭҚ ТН) та­у­ар ко­ды
Рә­сім ко­ды, ТД (ЖКД) 37-б.
Са­ны кг./өл­шем бір­лі­гі
Та­у­ар­дың ке­ден­дік құ­ны, тең­ге
Та­у­ар­дың ста­ти­сти­ка­лық құ­ны, тең­ге ТД (ЖКД) 46-б.
Та­у­ар­дың тү­ген­деу нө­мі­рі (болған жағ­дай­да)
Атал­ған та­у­ар­дың бух. есеп бой­ын­ша тұр­ған шо­ты­ның № (болған жағ­дай­да)
Пай­да­ла­ны­л­ған та­у­ар­дың са­ны кг./өл­шем бір­лі­гі
Та­у­ар­дың пай­да­ла­ны­луы жө­нін­де­гі құ­жат­тар
Та­у­ар­дың қал­ды­ғы кг./өл­шем бір­лі­гі
Ес­кер­ту***
ата­уы
№ және кү­ні
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
* - Есеп есептілік кезеңдегі айдың соңғы күнгі жағдайы бойынша өсу қорытындысымен тоқсан сайын ұсынылады.
** - СТН – 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тауарларды кедендік декларациялауды (ресімдеуді) жүзеге асырған кезде толтырылады,
- ЖСН/БСН - 2013 жылғы 1 қаңтардан кейін тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асырған кезде толтырылады.
*** - Ескертпеде есепті ұсынған сәтте тауардың нақты тұрған орны көрсетіледі (ұңғыманың нөмірі, кен орны және т.б.).
Заңды тұлғаның/жеке тұлғаның басшысы
___________________ тегі, аты-жөні
(қолы)
Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің (дара кәсіпкерде болған жағдайда) бас бухгалтері
___________________ тегі, аты-жөні
(қолы)
Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің (дара кәсіпкерде болған жағдайда) мөрімен расталады.

2.2 Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалардың кеден органына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есептілікті ұсыну туралы талабы

Шетелдік тауарларды
пайдаланатын және (немесе)
иеленетін тұлғалардың кеден
органына, оның ішінде ақпараттық
технологияларды пайдалана
отырып, есептілікті
ұсыну қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалардың кеден органына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есептілікті ұсыну туралы талабы
«___» ____________ 20__ ж. № ___________________
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан
Республикасы Кодексінің 210-бабына сәйкес
_____________________________________________________________________
(кеден органның атауы)
Сізді
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе есептілікті ұсынған
заңды (жеке) тұлғаның толық атауы)
_____________________________________________________________________
(салық төлеушінің тіркеу нөмірі 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін
тауарларды кедендік декларациялауды (ресімдеуді) жүзеге асырған кезде
толтырылады не жеке сәйкестендіру нөмірі 2013 жылғы 1 қаңтардан кейін
тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асырған кезде толтырылады)
_____________________________________________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі 2013 жылғы 1 қаңтардан кейін тауарларды
кедендік декларациялауды жүзеге асырған кезде толтырылады)
_____________________________________________________________________
(тұлғаның заңды мекенжайы және орналасқан орны)
«___» __________ ____ ж. «___» __________ ____ ж. дейінгі
кезеңде ресімделген шетелдік тауар(лар) бойынша есептілікті ұсынудың
қажеттігі туралы хабардар етеді.
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан
Республикасы Кодексінің 14, 210-баптарына сәйкес Сізге есепті
тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей тоқсан сайын
шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалардың
кеден органына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана
отырып, есептілікті ұсыну қағидасына 1-қосымшада белгіленген нысан
бойынша шетелдік тауар(лар) жөнінде есептілік кезеңіндегі айдың
соңғы күнгі жағдайы бойынша өсу қорытындысымен есеп ұсыну қажет.
Кеден органының бастығы
_______________________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
«___» _______________ 20__ ж. М.О.

Қолданыстағы