О внесении изменения в решение маслихата от 3 февраля 2010 года № 211 "Об изменениях базовых ставок земельного налога"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение маслихата от 3 февраля 2010 года № 211 "Об изменениях базовых ставок земельного налога"
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2010 жылғы 3 ақпандағы № 211 "Жер салығының базалық ставкаларының өзгерістер туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 387
- Қабылданған күні
- 29.09.2011
- Көрсетілген редакция
- 13.04.2015 60815_274732.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11NM000136
- ЭКБ идентификаторы
- 60815
- Редакция идентификаторы
- 60815_274732
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:33
0 Мәслихаттың 2010 жылғы 3 ақпандағы № 211 "Жер салығының базалық ставкаларының өзгерістер туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387–бабының 1–тармағына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. "Жер салығының базалық ставкаларының өзгерістер туралы" мәслихаттың 2010 жылғы 3 ақпандағы № 211 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-13-102 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 24 наурыздағы "Қарасу өңірі" газетінде жарияланған) мына өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Автотұраққа (паркингтер), автомобильге май құю стансияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, елді мекендердің (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) жерлеріне, жеке тұлғаларға өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне жер салығының базалық ставкалары 50% көтерілсін".
2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігі Салық Комитетінің
Қостанай облысы бойынша Салық
Департаментінің Қарасу ауданы
бойынша салық басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы:
_____________ Б.Сүлейменов
"Қарасу ауданы әкімдігінің жер
қатынастары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы:
_____________ Д.Тұрсынбаева