Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 июня 2010 года № 508 "О создании акционерного общества "Казахстанский институт развития индустрии"

Қаулы · № 1412 · қабылданған 07.11.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2010-no-508-ekb-68446/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 июня 2010 года № 508 "О создании акционерного общества "Казахстанский институт развития индустрии" Қолданыста Қаулы ·№ 1412 ·07.11.2012
07.11.2012 редакциясы
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 июня 2010 года № 508 "О создании акционерного общества "Казахстанский институт развития индустрии"

Қолданыста Қаулы ·№ 1412 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 июня 2010 года № 508 "О создании акционерного общества "Казахстанский институт развития индустрии"
Атауы (қаз.)
«Қазақстандық индустрияны дамыту институту» акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 508 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1412
Қабылданған күні
07.11.2012
Көрсетілген редакция
07.11.2012 AI68446_0.kaz
Соңғы өзгеріс
07.11.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001412
ЭКБ идентификаторы
68446
Редакция идентификаторы
AI68446_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:57

0 «Қазақстандық индустрияны дамыту институту» акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 508 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 508 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 294-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

2 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

2 «2. Мыналар Қоғам қызметінің негізгі мәні болып айқындалсын:

1 1) индустриялық саясат, қазақстандық өндірістерді жаңғырту және әртараптандыру, өнеркәсіптің және туризм индустриясының өңдеуші секторларында бәсекеге қабілеттілікті арттыру саласында зерттеулер жүргізу;

2 2) өнеркәсіпті және туризм индустриясын дамытудың теориялық, әдіснамалық және практикалық мәселелеріне зерттеулер жүргізу;

3 3) өнеркәсіп, туризм индустриясы салаларын қайта құрылымдаудың және салааралық кооперацияны дамытудың экономикалық факторларына зерттеулер жүргізу, өнеркәсіптегі, туризм индустриясындағы қайта құрылымдау және салааралық кооперацияны ынталандыру мен қолдау жөнінде шаралар әзірлеу;

4 4) өндірістерді, туризм объектілерін әртараптандырудың экономикалық факторларына зерттеулер жүргізу және кластерлерді дамыту, өндірістерді, туризм объектілерін әртараптандыруды ынталандыру мен қолдау және кластерлерді дамыту жөнінде шаралар әзірлеу;

5

5) жаңа өндірістер мен туризм объектілерін құрудың техникалық-экономикалық негіздемелерін және оларды аумақтық орналастыру схемаларын әзірлеу, инвестициялық жобалар бойынша сараптамалық қорытындылар әзірлеу, өңірлік өндірістік жүйелер мен туристік және өнеркәсіптік инфрақұрылымды қалыптастырудың және дамытудың тұжырымдамаларын әзірлеу;

6 6) Қазақстанның өнеркәсіп және туризм индустриясы салаларының сегменттерін әлемдік өндірістік-шаруашылық жүйелеріне кіріктіруді қамтамасыз ету жөнінде, өнеркәсіп және туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөнінде ұсыныстар дайындау;

7 7) мемлекеттік органдардың өнеркәсіпті және туризм индустриясын дамыту мәселелері бойынша заң жобаларын, салалық бағдарламаларды, мастер жоспарлар мен іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге қатысу;

8 8) өнеркәсіпті және туризм индустриясын дамытудың экономикалық көрсеткіштерін бағалау мен олардың мониторингі үшін әдістемелер мен практикалық басшылықтар әзірлеу;

9 9) өндірістерді оңтайлы орналастыру, кластерлерді дамыту, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар құру жөнінде ұсыныстар дайындау;

10 10) өнеркәсіп және туризм индустриясы салаларын дамытудың негізгі үрдістерін болжау;

11 11) экономиканың басым секторларын дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсету;

12 12) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы салалық бағдарламалардың орындалу мониторингiне қатысу;

13 13) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға басым тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiрыңғай картасын әзiрлеу мен өзектілендіру бойынша қызметтер көрсету;

14 14) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға индустрияландыру картасының экономикалық тиiмдiлiгiн талдау бойынша қызметтер көрсету;

15 15) озық технологияларды тарта отырып жаңа өндipiстep құруда қазақстандық кәсiпорындар мен ұйымдарға жәрдемдесу.».

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                               С. Ахметов

Қолданыстағы