О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 февраля 2011 года № 74 "Об утверждении Правил (методики) ценообразования на концентрат природного урана"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 февраля 2011 года № 74 "Об утверждении Правил (методики) ценообразования на концентрат природного урана"
- Атауы (қаз.)
- "Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 74 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 527
- Қабылданған күні
- 15.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 15.07.2015 91838_716372.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500000527
- ЭКБ идентификаторы
- 91838
- Редакция идентификаторы
- 91838_716372
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:06
0 "Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 74 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 3 ақпандағы № 74 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 17, 199-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидаларында (әдістемесінде):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) (бұдан әрі – Қағидалар) осы Қағидалардың 7-бөлімінде көрсетілген Үндістан Үкіметі Атом энергиясы департаментінің Сатып алу және материалдық қорлар басқармасымен жасалған мәмілелерді қоспағанда, табиғи уран концентратын сатып алу-сатуға арналған келісімшарттарға сәйкес жасалатын мәмілелер бойынша табиғи уран концентратын өткізу бағасын айқындау (есептеу) тәртібін белгілейді.»;
төмендегі мазмұндағы 7-бөліммен толықтырылсын:
«7. Үндістан Үкіметі Атом энергиясы департаментінің Сатып алу және материалдық қорлар басқармасымен жасалған мәмілелер бойынша табиғи уран концентратын өткізу бағасын айқындау тәртібі
21. Мәмілелер бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:
P = SP х (100%-D):100%, мұнда:
P (price) – уран концентратының бағасы (U3O8 фунтына/АҚШ долларымен);
SP (spot price) – меншік құқығының сатып алушыға ауысу күнінің алдындағы алты айдағы Trade Tech LLC (Exchange Value) споттық бағасының орташа арифметикалық мәні;
D (discount) – дисконт, %.»;
ескертпе мынадай мазмұндағы «***» толықтырылсын:
«***7-бөлімнің талаптары «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы мен Үндістан Үкіметі Атом энергиясы департаментінің Сатып алу және материалдық қорлар басқармасы арасындағы табиғи уран концентратын сатып алу-сатуға 2015 – 2019 жылдар кезеңіне арналған келісімшарттарға сәйкес жасалатын мәмілелер бойынша табиғи уран концентратын өткізу бағасын айқындау (есептеу) тәртібін белгілейді.».