Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 февраля 2011 года № 74 "Об утверждении Правил (методики) ценообразования на концентрат природного урана"

Қаулы · № 1041 · қабылданған 23.12.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2011-no-74-ekb-96629/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 февраля 2011 года № 74 "Об утверждении Правил (методики) ценообразования на концентрат природного урана" Қолданыста Қаулы ·№ 1041 ·23.12.2015
23.12.2015 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 февраля 2011 года № 74 "Об утверждении Правил (методики) ценообразования на концентрат природного урана"

Қолданыста Қаулы ·№ 1041 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 февраля 2011 года № 74 "Об утверждении Правил (методики) ценообразования на концентрат природного урана"
Атауы (қаз.)
"Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 74 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1041
Қабылданған күні
23.12.2015
Көрсетілген редакция
23.12.2015 96629_87646.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1500001041
ЭКБ идентификаторы
96629
Редакция идентификаторы
96629_87646
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:41

0 «Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 74 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 74 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 17, 199-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидаларында (әдістемесінде):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) (бұдан әрі – Қағидалар) осы Қағидалардың 7-бөлімінде көрсетілген Үндістан Үкіметі Атом энергиясы департаментінің Сатып алу және материалдық қорлар басқармасымен, сондай-ақ осы Қағидалардың 8-бөлімінде көрсетілген Électricité de France француз атом электр станциялары операторымен жасалған мәмілелерді қоспағанда, табиғи уран концентратын сатып алу-сату келісімшарттарына сәйкес жасалатын мәмілелер бойынша табиғи уран концентратын өткізу бағаларын айқындау (есептеу) тәртібін белгілейді.»;
мынадай мазмұндағы 8-бөліммен толықтырылсын:
«8. Électricité de France француз атом электр станциялары операторымен жасалған мәмілелер бойынша табиғи уран концентратын өткізу бағаларын айқындау тәртібі.
22. Мәмілелер бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:
P = 0.50 x BP x Esc + 0.50 x SP x (100% - D) : 100%, мұнда:
P (price) – уран концентратының бағасы (U3O8 фунтына АҚШ долларымен);
BP – (base price) – оферта берілген немесе келісімшарт жасалған күнге ресми танылған ақпарат көздерінен (U3O8 фунтына АҚШ долларымен) алынған табиғи уран концентратының орта мерзімді және ұзақ мерзімді индикаторларының орташа арифметикалық мәнінен төмен болмайтын шамаға тең бағаны құрайтын, келісімшартты орындаудың бүкіл мерзімінде тұрақты болатын базалық баға;
SP (spot price) – меншік құқығының сатып алушыға ауысу күнінің алдындағы алты ай ішіндегі Trade Tech LLC (Exchange Value) және Ux U3O8 Month End Spot price споттық бағаларының орташа арифметикалық мәні;
D – (discount) – дисконт, %.
SP жоғарғы шегі Ux Consulting LLC «Uranium Market Outlook» есебінде тоқсан сайын жариялайтын, оферта берілген және/немесе келісімшарт жасалған күнге қолданыста болатын табиғи уран концентраты (High Price Midpoint) бағаларының болжамды индикаторларының мәнінен төмен болмауға тиіс.
Эскалация коэффициенті (Esc) жылына 2%-дан аспауға тиіс.»;
ескертпе мынадай мазмұндағы «****» толықтырылсын:
«**** 8-бөлімнің талаптары «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы мен Électricité de France француз атом электр станциялары операторының арасындағы табиғи уран концентратын сатып алу-сатудың 2021 – 2025 жылдар кезеңіне арналған келісімшарттарына сәйкес жасалатын мәмілелер бойынша табиғи уран концентратын өткізу бағаларын айқындау (есептеу) тәртібін белгілейді.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы