Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение акима города Кентау от 3 октября 2011 года № 9 «Об образовании избирательных участков на территории города Кентау»

Өзге акт · № 8 · қабылданған 29.09.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2011-no-9-ekb-94837/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений в решение акима города Кентау от 3 октября 2011 года № 9 «Об образовании избирательных участков на территории города Кентау» Күшін жойған Өзге акт ·№ 8 ·29.09.2015
23.11.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.11.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение акима города Кентау от 3 октября 2011 года № 9 «Об образовании избирательных участков на территории города Кентау»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 8 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение акима города Кентау от 3 октября 2011 года № 9 «Об образовании избирательных участков на территории города Кентау»
Атауы (қаз.)
«Кентау қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Кентау қаласы әкімінің 2011 жылғы 3 қазандағы № 9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
8
Қабылданған күні
29.09.2015
Көрсетілген редакция
23.11.2018 94837_373621.kaz
Соңғы өзгеріс
23.11.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15UC003378
ЭКБ идентификаторы
94837
Редакция идентификаторы
94837_373621
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:12

0 «Кентау қаласының аумағында

сайлау учаскелерін құру туралы»
Кентау қаласы әкімінің 2011 жылғы
3 қазандағы №9 шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабының 1, 2 тармақтарына сәйкес, Кентау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Кентау қаласы әкімінің 2011 жылғы 3 қазандағы №9 «Кентау қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-3-117 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 19 қарашадағы «Кентау шұғыласы» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешiмнiң қосымшасы осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысы Б.Алимбетовке жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Кентау қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы Б.Садуов
«29» қыркүйек 2015 жыл

4 Кентау қаласы әкімінің 2015

жылғы 29 қыркүйектегі №8
шешіміне қосымша
Кентау қаласының аумағындағы сайлау учаскелері
№1012 сайлау учаскесі
Орталығы: Кентау қаласы, Қарнақ ауылы, Құшата елді мекені,Сатпаев көшесі 2, Төрткүл төбе атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты.
Шекарасы: А.Жұбанов көшесі №1-33 үйлер, Кентау көшесі №1-39 үйлер, Құсшы ата көшесі №1-18 үйлер, Сатпаев көшесі №1-53 үйлер, Сүйіліш батыр көшесі №1-61 үйлер, Ынтымақ көшесі №1-9 үйлер, Ырысты көшесі №1-69 үйлер.
№1013 сайлау учаскесі
Орталығы: Кентау қаласы, Я.Ромах көшесі 48, №10 жалпы орта мектебінің ғимараты.
Шекарасы: Бала-Бүргем көшесі №2-440 үйлер, Ш.Уәлиханов көшесі №1/1-1/11, №32-40 үйлер, Молда-Мұса көшесі №1-213 үйлер, Көктөбе көшесі №1-70 үйлер, К.Әзірбаев көшесі № 1-10 үйлер.
№1014 сайлау учаскесі
Орталығы: Кентау қаласы, Бала-Бүргем көшесі №10А,«Гаухартас» бөбекжай-балабақшасының ғимараты.
Шекарасы: Бала-Бүргем көшесі №1-9 үйлер, Бала-Бүргем мүйісі №2-22 үйлер, И.Тайманов көшесі №1-43 үйлер, М.Өтемісұлы көшесі №1-22 үйлер, М.Жұмабаев көшесі №1-58 үйлер, Н.Камалов көшесі №1-25 үйлер, Р.Құдайбергенов көшесі №1-57 үйлер, Т.Рысқұлов көшесі №132-178 үйлер, С.Рахимов көшесі №2-12 үйлер, М.Мақатаев көшесі №1-14 үйлер, Желтоқсан мүйісі №1-14 үйлер, Шаңырақ көшесі №1-14 үйлер, Сүйінбай көшесі №1-14 үйлер, Қарасай мүйісі №1-14 үйлер, Сатпаев көшесі №1-14 үйлер, Т.Айбергенов көшесі №1-21 үйлер, Сельский мүйісі №1-29 үйлер, Металлург көшесі №1-27 үйлер, Б.Майлин көшесі №1-67 үйлер, С.Қожамқұлов көшесі № 1-20 үйлер, И.Есенберлин көшесі №1-35 үйлер, Т.Бокин көшесі №1-79 үйлер, С.Мұқанов көшесі №1-69 үйлер, А.Байтұрсынов көшесі №1-29 үйлер, Н.Сералиев көшесі №1-54 үйлер, Т.Әлімқұлов көшесі №1-64 үйлер, І.Жансүгіров көшесі № 1-41 үйлер.
№1015 сайлау учаскесі
Орталығы: Кентау қаласы, Қарнақ ауылы,Шаштөбе орта мектебінің ғимараты.
Шекарасы: З.Тойметов көшесі №1-34 үйлер, Қарағаш көшесі №1-16 үйлер, Шаш-төбе көшесі №51-148 үйлер, Сахил көшесі №1-24 үйлер, Б.Қоған көшесі №1-11 үйлер, М.Қашғари көшесі №1-12 үйлер, М.Қашғари мүйісі №1-22 үйлер, Қарасу көшесі №1-15 үйлер, Уста Юсуп көшесі №1-24 үйлер, Күнгей көшесі №1-6 үйлер, Жаңа бақ көшесі №1-19 үйлер, Көлбасы көшесі №1-11 үйлер, Қызыл арық көшесі №1-6 үйлер, Гүлабад көшесі №1-23 үйлер.
№1039 сайлау учаскесі
Орталығы: Кентау қаласы, Құралбаев көшесі 83, №14 Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты.
Шекарасы: 60 орам, 61 орам, Ш.Уәлиханов №130-140 үйлер, Д.Қонаев даңғылы жұп жағы №34-60 үйлер, С.Сейфуллин көшесі тақ жағы №93-107 үйлер, С.Сейфуллин көшесі жұп жағы №104, 106, 110, 110а, 112, 116, 118 үйлер, Құралбаев көшесі №79, 81, 92, 94 үйлер.

Қолданыстағы