О внесении изменений в постановление акимата Шалкарского района от 3 мая 2011 года № 99 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организации по Шалкарскому району"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Шалкарского района от 3 мая 2011 года № 99 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организации по Шалкарскому району"
- Атауы (қаз.)
- Шалқар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 99 "Шалқар ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 35
- Қабылданған күні
- 20.02.2013
- Көрсетілген редакция
- 22.07.2016 71489_Some(103868).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13CM003547
- ЭКБ идентификаторы
- 71489
- Редакция идентификаторы
- 71489_Some(103868)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:41
0 Шалқар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 99 "Шалқар ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-5, 5-6 тармақшаларына сәйкес Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Шалқар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 99 «Шалқар ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарында квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-152 тіркелген, 2011 жылы 8 маусымдағы № 27 аудандық «Шалқар» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»;
1-тармақ төмендегі редакцияда жазылсын:
«1. Қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін».
2
2. «Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі (Е. Шотанов) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды, белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарына бағыттауды ұйымдастырсын.