Құжат мәтініне өту

Об определении черты бедности на 3 квартал 2011 года

Бұйрық · № 235-ө · қабылданған 28.06.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2011/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об определении черты бедности на 3 квартал 2011 года Күшін жойған Бұйрық ·№ 235-ө ·28.06.2011
29.09.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении черты бедности на 3 квартал 2011 года

Күшін жойған Бұйрық ·№ 235-ө · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении черты бедности на 3 квартал 2011 года
Атауы (қаз.)
2011 жылдың 3 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
235-ө
Қабылданған күні
28.06.2011
Көрсетілген редакция
29.09.2011 AI59541_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.09.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007051
ЭКБ идентификаторы
59541
Редакция идентификаторы
AI59541_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:06

0 2011 жылдың 3 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы бойынша 2011 жылдың 3 тоқсанына арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 проценті мөлшерінде анықталсын.

2

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2011 жылдың 2 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы» 2011 жылғы 29 наурыздағы № 109-ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 6849 тіркелген және «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 130-133, «Казахстанская правда» 07.04.2011 ж., № 117 газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.

3 3. Әлеуметтік көмек департаменті (К.А. Манабаева) осы бұйрықты:

1 1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және ресми жариялауды;

2 2) облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жеткізуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.А. Ахметовке жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшiне енедi және 2011 жылдың 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Қолданыстағы