Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Мангистауской области от 3 сентября 2012 года № 213 «Об утверждении Правил организации отбора инновационных проектов в области агропромышленного комплекса Мангистауской области»

Қаулы · № 69 · қабылданған 09.03.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2012-no-213-ekb-101118/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Мангистауской области от 3 сентября 2012 года № 213 «Об утверждении Правил организации отбора инновационных проектов в области агропромышленного комплекса Мангистауской области» Қолданыста Қаулы ·№ 69 ·09.03.2016
09.03.2016 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.03.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Мангистауской области от 3 сентября 2012 года № 213 «Об утверждении Правил организации отбора инновационных проектов в области агропромышленного комплекса Мангистауской области»

Қолданыста Қаулы ·№ 69 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Мангистауской области от 3 сентября 2012 года № 213 «Об утверждении Правил организации отбора инновационных проектов в области агропромышленного комплекса Мангистауской области»
Атауы (қаз.)
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 213 «Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру жөніндегі Ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
69
Қабылданған күні
09.03.2016
Көрсетілген редакция
09.03.2016 101118_68177.kaz
Соңғы өзгеріс
09.03.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16M0003003
ЭКБ идентификаторы
101118
Редакция идентификаторы
101118_68177
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:07

0 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2012 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 213 «Маңғыстау облысының
агроөнеркәсіптік кешені
саласындағы инновациялық
жобаларды іріктеуді ұйымдастыру
жөніндегі Ережені бекіту туралы»
қаулысына өзгерістер мен
толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына, «Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы» 2015 жылғы 1 маусымдағы № 166 Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2753 болып тіркелген) сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 213 «Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру жөніндегі Ережені бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2155 болып тіркелген, 2012 жылы 29 қыркүйекте «Маңғыстау» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру жөніндегі Ережеде ( бұдан әрі - Ереже):
1 тараудың 2 тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
1)«бюджеттік бағдарламаның әкімшісі - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік кешенінде инновациялық тәжірибелерді әзірлеу, тарату және енгізу бойынша бюджеттік бағдарламаға әкімшілік ету жөніндегі функциялар жүктелген «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі»;
1 тараудың 2 тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
7) комиссия - өтінімдерді қабылдау/қабылдамау туралы шешім қабылдау үшін облыс әкімінің өкімімен құрылған жергілікті атқарушы органның жанындағы тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы орган. Комиссия құрамына облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша орынбасары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, индустриялық-инновациялық даму, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларынан өкілдер, сондай-ақ Маңғыстау кәсіпкерлер палатасы мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері енгізіледі. Комиссия хатшысы оның құрамына кірмейді.»;
көрсетілген қаулының 8 қосымшасында:
кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі» атынан, бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын, Ереженің негізінде әрекет ететін, ____________ бір тараптан, және бұдан әрі - Орындаушы деп аталатын, ___________атынан, Жарғының негізінде әрекет ететін __________ екінші тараптан, «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 20___ жылғы «___»_____ №____ шешімін басшылыққа ала отырып, инновациялық жобаны енгізу және тарату бойынша осы Шартты жасасты және мына төмендегілер туралы келісімге келді:».

2 2. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Маңғыстау облысының ауыл
шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б. Ерсайынұлы
"09" наурыз 2016 жыл

Қолданыстағы