Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 3 октября 2012 года № 354 "Об утверждении формы свидетельства об аккредитации в области энергосбережения и повышения энергоэффективности"

Бұйрық · № 1124 · қабылданған 30.11.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2012-no-354/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 3 октября 2012 года № 354 "Об утверждении формы свидетельства об аккредитации в области энергосбережения и повышения энергоэффективности" Күшін жойған Бұйрық ·№ 1124 ·30.11.2015
18.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 3 октября 2012 года № 354 "Об утверждении формы свидетельства об аккредитации в области энергосбережения и повышения энергоэффективности"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 1124 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 3 октября 2012 года № 354 "Об утверждении формы свидетельства об аккредитации в области энергосбережения и повышения энергоэффективности"
Атауы (қаз.)
"Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 354 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1124
Қабылданған күні
30.11.2015
Көрсетілген редакция
18.05.2016 100510_285114.kaz
Соңғы өзгеріс
18.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500013080
ЭКБ идентификаторы
100510
Редакция идентификаторы
100510_285114
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:23

0 «Энергия үнемдеу және энергия

тиімділігін арттыру саласындағы
аккредиттеу туралы куәліктің
нысанын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
- Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар Министрінің
2012 жылғы 3 қазандағы № 354
бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8073 болып тіркелген, 2013 жылғы 9 қаңтарда № 9-13 (27952) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген энергия үнемдеу және энергия тиімділігн арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәліктің нысаны көрсетілген бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А. Қ. Ержанов):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________________ Е. Досаев
2016 жылғы 15 қаңтар

9 Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы № 1124
бұйрығына қосымша
«Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары–
Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар министрінің
2012 жылғы 3 қазандағы № 354
бұйрығымен бекітілген»
Нысан
____________________________________________________________________
(аккредиттеу жөніндегі уәкілетті органның толық атауы)
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы
АККДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
№ _____ _________ жылғы «___» _______
(күні)
Куәлік ______________________________________________________________
(ұйымның ұйымдастыру-құқықтық нысаны, толық атауы,
бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне)
мынадай қызметтерді көрсету құқығына берілді: _______________________
Заңды мекенжайы: ____________________________________________________
Куәлік Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
______________________ ______________________________
(уәкілетті тұлғаның лауазымы) (Тегі, аты, әкесінің аты (ол
болған жағдайда)

Қолданыстағы