Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 3 октября 2012 года № 358 "Об утверждении Положения о комиссии по аккредитации в области энергосбережения и повышения энергоэффективности"

Бұйрық · № 150 · қабылданған 14.11.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2012-no-358/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 3 октября 2012 года № 358 "Об утверждении Положения о комиссии по аккредитации в области энергосбережения и повышения энергоэффективности" Күшін жойған Бұйрық ·№ 150 ·14.11.2014
28.11.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 3 октября 2012 года № 358 "Об утверждении Положения о комиссии по аккредитации в области энергосбережения и повышения энергоэффективности"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 150 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 3 октября 2012 года № 358 "Об утверждении Положения о комиссии по аккредитации в области энергосбережения и повышения энергоэффективности"
Атауы (қаз.)
"Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 358 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
150
Қабылданған күні
14.11.2014
Көрсетілген редакция
28.11.2016 AI86070_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.11.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400010088
ЭКБ идентификаторы
86070
Редакция идентификаторы
AI86070_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:59

0

"Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 358 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары — Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 358 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8074 болып тіркелген, 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 22 (27961) "Егемен Қазақстан" және 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 14-15 (27288-27289) "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
осы бұйрықпен бекітілген Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қызметі тәртібін айқындайды.";
4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Комиссия құрамын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі бекітеді.
5. Комиссияның құрамына энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның өкілдері, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Комиссия жұмысының ұйымдық-техникалық қамтамасыз етілуін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті жүзеге асырады.".

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов) заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
____________ Е.Досаев
2014 жылғы 14 желтоқсан

Қолданыстағы