О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Председателя Национального космического агентства Республики Казахстан от 3 апреля 2012 года № 40/НК «Об утверждении Правил приемки результатов по завершенным проектам в области космической деятельности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Председателя Национального космического агентства Республики Казахстан от 3 апреля 2012 года № 40/НК «Об утверждении Правил приемки результатов по завершенным проектам в области космической деятельности»
- Атауы (қаз.)
- «Ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012 жылғы 3 сәуірдегі № 40/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 255/НҚ
- Қабылданған күні
- 03.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 03.10.2019 135091_422798.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.10.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019449
- ЭКБ идентификаторы
- 135091
- Редакция идентификаторы
- 135091_422798
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:18
0 «Ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012 жылғы 3 сәуірдегі № 40/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012 жылғы 3 сәуірдегі № 40/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7612 болып тіркелген, 2012 жылғы 16 маусымда № 189-190 (27008-27009) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ғарыш қызметі саласындағы қосарланған және әскери мақсаттағы жобаларды қоспағанда, ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау тәртібін белгілейді.»;
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) бұйрығымен қабылдау комиссиясы құрылады.».
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау тәртібі».
2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.