Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Казалинского районного маслихата от 3 ноября 2012 года №53 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи»

Өзге акт · № 137 · қабылданған 03.11.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2012-no53/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Казалинского районного маслихата от 3 ноября 2012 года №53 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи» Күшін жойған Өзге акт ·№ 137 ·03.11.2017
12.11.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Казалинского районного маслихата от 3 ноября 2012 года №53 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 137 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Казалинского районного маслихата от 3 ноября 2012 года №53 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи»
Атауы (қаз.)
«Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 3 қарашадағы №53 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
137
Қабылданған күні
03.11.2017
Көрсетілген редакция
12.11.2018 116159_372432.kaz
Соңғы өзгеріс
12.11.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17LD006033
ЭКБ идентификаторы
116159
Редакция идентификаторы
116159_372432
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:24

0 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 3 қарашадағы №53 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 3 қарашадағы кезектен тыс VІІІ сессиясының №53 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4351 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 желтоқсандағы аудандық «Тұран Қазалы» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

3 Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

Қазалы аудандық мәслихатының
2017 жылғы «03» қарашадағы
№ 137 шешіміне қосымша
Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, сондай-ақ «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес әзірленді.
Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

1 1. Тұрғын үй көмегi жергілікті бюджет қаражаты есебiнен Қазалы ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) ұсынылады:

1 1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;

2 2) тұрғынжайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және қалалық телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;

3 3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге.

Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (азаматтың) жиынтық табыстың 10 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.

2 2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Қазалы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады.

3 3. Тұрғын үй көмегіне өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Қазалы аудандық бөлімі және «электронды үкімеметтің www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) өтінішпен жүгінеді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11015 нөмірімен тіркелген) 1-қосымшасымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

4 Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi

4. Уәкілетті органмен отбасының (азаматтың) жиынтық табысы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі.
Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы №471 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес есептеледі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7412 нөмірімен тіркелген).
Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi

5 5. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізіледі:

1 1) электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:

1 адамға – 70 киловатт;
2 адамға – 140 киловатт;
3 мүшелері бар отбасына және одан да көп – 210 киловатт.

2 2) газ пайдалану нормалары 1 айға:

4 мүшелеріне дейінгі отбасына – 10 килограмм;
4 мүшелері бар отбасына және одан да көп – 20 килограмм.

3 3) отын пайдалану от жағу маусымына:

3 мүшелеріне дейінгі отбасына 1 айға – 0,5 тонна;
3 мүшелері бар отбасына және одан да көп 1 айға – 1 тонна.

4 4) Коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемінің нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.

5 Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

5) Телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.
Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

6 6. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушылардың есеп шоттарына екінші деңгейдегі банктер, сонымен қатар банктік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.

Қолданыстағы