Об определении черты бедности на 3 квартал 2012 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении черты бедности на 3 квартал 2012 года
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылғы 3 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 269-ө-м
- Қабылданған күні
- 28.06.2012
- Көрсетілген редакция
- 24.09.2012 AI66512_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.09.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007786
- ЭКБ идентификаторы
- 66512
- Редакция идентификаторы
- AI66512_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:55
0 2012 жылғы 3 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін Қазақстан Республикасының күнкөрісі төмен азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету өлшемдерін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасы бойынша 2012 жылғы 3 тоқсанға арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде анықталсын.
2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2012 жылдың 2 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 96-Ө-М бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 7488 тіркелген және 2012 жылғы 28 сәуірдегі «Казахстанская правда» № 121-122 (26940-26941), «Егемен Қазақстан» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 195-200 (27274) газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.