О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 3 апреля 2013 года № 115 «Об утверждении типовых учебных программ по общеобразовательным предметам, курсам по выбору и факультативам для общеобразовательных организаций»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 3 апреля 2013 года № 115 «Об утверждении типовых учебных программ по общеобразовательным предметам, курсам по выбору и факультативам для общеобразовательных организаций»
- Атауы (қаз.)
- «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 123
- Қабылданған күні
- 26.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 26.03.2021 153833_520948.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022409
- ЭКБ идентификаторы
- 153833
- Редакция идентификаторы
- 153833_520948
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:03
0 «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 12 маусымдағы № 198-199 (27472-27473) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 175 және 176-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
1 Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Әліппе» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2021 жылғы 26 наурыздағы
№ 123 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына
175-қосымша
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған
«Әліппе» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы
(оқыту қазақ тілінде)
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. «Әліппе» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
2 2. Бағдарлама құрылымы мен мазмұны жалпыдидактикалық қағидаттар және А. Байтұрсынұлының әдістемелік қағидаттары негізінде айқындалды:
1 1) дыбыспен жаттығу;
2 2) әрбір дыбыстың сөз жасаудағы қызметін есепке алу;
3 3) оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту;
4 4) білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу.
3 3. Әріпті таныту реті А. Байтұрсынұлының еңбектерімен қатар лингвист және әдіскер ғалымдардың зерттеулері негізінде, олардың мәтінде кездесу жиілігіне, өзара тіркесімі мен сөзжасау қызметіне қарай құрылды.
4 4. «Әліппе» пәнінің мақсаты – әріп таныту, оқуға мен жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдар мен сөйлеу әрекетінің түрлерін ұлттық рухани құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру.
5 5. «Әліппе» пәнінің міндеттері:
1 1) оқу әрекетіне бейімдеу;
2 2) дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін (сөйлеу) туралы қарапайым түсінік (ажырату, салыстыру, топтастыру және талдау) қалыптастыру;
3 3) дыбыс пен әріпті (баспа және жазба түрлері) үйрету;
4 4) оқу (буындап оқу, тұтас оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу) және жазу дағдыларын қалыптастыру;
5 5) коммуникативтік әрекет түрлерін жетілдіру, сөздік қорын байыту;
6 6) ана тіліне, Отанына, халқына, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарай білуге үйрету, ұлттық рухани құндылықтарды бойына сіңіру.
2 2-тарау. «Әліппе» пәнінің мазмұны
6 6. «Әліппе» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 6 сағаттан, барлығы І жартыжылдықта 96 сағатты құрайды.
7 7. Оқу пәнінің мазмұны:
1 1) қазақ тілінің дыбыстық және әріптік жүйесінен;
2 2) негізгі тілдік бірліктерден (дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін);
3 3) қазақ тілі бойынша қарапайым грамматикалық дағдылардан;
4 4) орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалардың қарапайым түсініктерінен құралады.
8 8. «Әліппе» пәнін оқыту екі кезең бойынша (әліппеге дейінгі кезең – 12 сағат, әліппе кезеңі – 84 сағат) ұйымдастырылады.
9 9. «Әліппе» пәнінің мазмұны І жартыжылдықта «Әліппе» оқулығы (әліппеге дейінгі және әліппе кезеңдері) арқылы жүзеге асырылады.
10 10. Әліпбидегі әріптер мен әрбір әріптің дыбыстық мәнін, қарапайым тілдік ұғым мен түсініктерді меңгертудің реті мен көлемі:
1 1) 1-тоқсан: тілдік ұғымдар туралы қарапайым түсінік (сөйлеу дағдылары) (әліппеге дейінгі кезең) – 12 сағат;
а, р, л, у, н, бекіту (2 сағ) – 12 сағат;
с, о, т, қ, ы, з, м, е, д, ш, ұ, бекіту (2 сағ) – 24 сағат;
2 2) 2-тоқсан: б, й, к, і, ң, ғ, ж, ә, п, ү, бекіту (3 сағ) – 24 сағат;
ө, г, и, я, ю, х, h, щ, в, э, ё, ц, ф, ч, ь-ъ, әліпби – 2 сағ, бекіту (4 сағ) – 24 сағат.
Ескерту: ң – 3 сағат, я, ю, х, һ, щ, в, э, ё, ц, ф, ч, ь-ъ 1 сағаттан; қалған дыбыс пен әріпке 2 сағаттан беріледі. Әріптер оқу бағдарламасында берілген ретпен оқытылады.
11 11. Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттері:
1 1) оқу әрекетіне қызығушылығын ояту;
2 2) сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы қарапайым түсінік қалыптастыру;
3 3) сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс сызба-модельдерін ажырату және қолдану дағдыларын қалыптастыру;
4 4) сөзге дыбыстық талдау жүргізу: сөздегі буын санын анықтау, сөз ішіндегі дыбыстарды екі, үш буынды сөзбен анықтау; дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату;
5 5) жазуға дайындық кезеңінде - қолдың ұсақ моторикасын дамыту (бояу, сурет салу, түрлі бағытта сызықтар жүргізу, сұлба салу, әріп элементтерін жазу).
6 6) тыңдай білуге және сұрақты түсінуге, сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрету.
Ескерту: тыңдау материалының көлемі 10 сөйлемнен, өлең шумақтары 3-тен аспауы керек.
12 12. Әліппе кезеңінің міндеттері:
1 1) қазақ әліпбиінің дыбыс пен әріптерін таныту, дыбыстардың айтылуына жаттықтыру;
2 2) дауысты және дауыссыз дыбыс түрлерін ажыратуға жаттықтыру;
3 3) әріптердің баспа және жазба түрлерін үйрету;
4 4) дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрауға, жазуға, оқуға үйрету;
5 5) дұрыс, үзбей, буындап оқу дағдыларын қалыптастыру;
6 6) көркем жазу дағдыларын қалыптастыру;
7 7) сөздік қорын байыту, өз ойын жеткізе білуге үйрету;
8 8) негізгі тыныс белгі түрлерін (нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі) қолдана білуді қалыптастыру;
9 9) ұлттық рухани құндылықтарға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Ескерту: І жартыжылдық бойынша жазба жұмыстарының көлемі: әліппеге дейінгі кезеңде графикалық диктант – 1-3 таңба, әліппе кезеңінде әріптік диктант – 3-5 әріп, буын диктанты – 3-6 буын, сөздік диктант – 2-5 сөз, диктант – 3-12 сөз. Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай айқындайды. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі ұйымдастыру ұсынылады.
13 13. «Әліппе» пәнінің базалық білім мазмұны.
14 14. Тыңдалым мен айтылым:
1 1) мұғалімнің, өзге білім алушылардың сөзін тыңдай білу, тыңдалым мәнін түсіну, сұраққа дұрыс әрі нақты жауап беруді қалыптастыру; коммуникативтік мақсаттарына сәйкес қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
2 2) ертегі айту; өлең, санамақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақты жатқа айту;
3 3) дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білуді; буын, сөзді буынға бөлу; дауысты дыбыстардың буын құрау дағдыларын қалыптастыру;
4 4) дыбыстың әріппен жазылуын; сөздің дыбыстық және әріптік құрамының сәйкестігін/ сәйкес еместігін анықтау;
5 5) сөздік қорын байыту; сөзді тіркестіре білу, сөйлем және шағын мәтін (сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрау; көрген-білгені, естігені туралы әңгімелеу) құрай білу;
6 6) сөз әдебінің формаларын қолдану (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу).
Ескерту: Тыңдалым материалының көлемі: 30 сек - 1мин.
15 15. Оқылым:
1 1) сөздер мен сөйлемдердің құрылымын сызба арқылы түсініп, тани білу (сөздегі буын санын, сөйлемдегі сөз санын анықтау);
2 2) сөздің мағынасын, сөйлемде айтылған ойды түсіну;
3 3) қазақ тіліндегі жұп дыбыстардың (а-ә, о-ө, ұ-ү, ы-і, л-р, н-ң, с-з, с-ш, ж-ш, п-б, к-қ, г-ғ) ерекшеліктерін тану, өзге тілден енген сөздерде кездесетін дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;
4 4) сөйлемді (2-6 сөз), мәтінді (4-10 сөйлем) түсініп, дауыстап оқу;
5 5) буындап оқудан сөзді үзбей, толық оқуға үйрету.
Ескерту: оқуға берілген мәтіннің көлемі әліппе кезеңінің басында 4-6 сөйлемнен, соңында 10 сөйлемнен аспауы керек. Әр сөйлемдегі сөздердің саны 2-6-дан аспауы керек.
16 16. Жазылым:
1
1) жазуға дайындық (дұрыс отырғызу, жарықтың дұрыс түсуі, дәптердің көлбеу орналасуы және жазу кезінде қарындаш/қаламды ұстай білу); парақтағы кеңістікті бағдарлай білуді қалыптастыру (жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жазу жолының жоғарғы және төменгі сызықтары мен тік көлбеу сызықтардан шықпау); сурет салу, штрихтау, бастыра жазу, әріп элементтерін жазу;
2 2) сурет бойынша сөйлем құрастыру, берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру, сөйлемдегі сөздердің санын анықтау, сөйлемдердің графикалық модельдерін құру;
3 3) көркем жазу нормаларын сақтай отырып, әріп элементтерін, бас және кіші әріптерді, буын, сөз, сөйлемді және оларды байланыстыра жазу;
4 4) сөйлемнің басындағы сөзді бас әріптен жазу, сөйлем ішінде сөздердің бөлек жазылуы, сөйлемнің соңына тыныс белгісін қою;
5 5) қарапайым сұрақтарға жазбаша жауап беру, сюжетті суретке қарап мәтін құрастыру;
6 6) қатесіз, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
3 3-тарау. «Әліппе» пәні бойынша күтілетін нәтижелер
17 17. Әліппеге дейінгі кезеңдегі күтілетін нәтижелер:
1 1) сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсінеді;
2 2) сұрақты тыңдайды және оны түсінеді, сұрақтарға жауап береді;
3 3) сөйлем, сөз, буын, дыбыстың графикалық сызбасын таниды;
4 4) сөзге дыбыстық талдау жасайды;
5 5) көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндайды;
6 6) коммуникативтік қатынаста сөз әдебін (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу) дұрыс қолдана алады;
7 7) дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, әріп элементтерін, үзік сызықтарды бастырып жүргізеді, жазады.
18 18. Әліппе кезеңіндегі күтілетін нәтижелер:
1 1) дыбыс пен әріпті таниды, оларды бір-бірінен ажыратады;
2 2) мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөледі, жаңа үйренген дыбысты анықтайды;
3 3) дауысты дыбыстардың буын құрайтынын біледі, сөздегі буын санын анықтайды;
4 4) оқу түрлерін (буындап оқу, сөздерді тұтас оқу, мәнерлеп оқу) қолданады, түсініп оқиды;
5 5) дыбыстарды дұрыс дыбыстайды, оның мағына ажыратушы қызметін түсінеді;
6 6) сызба-модель, сурет белгілері арқылы сөз, сөйлем, шағын мәтін құрастырады;
7 7) сөйлеу барысында жалғауларды дұрыс қолданады;
8 8) тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды, өз ойын білдіреді;
9 9) мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қоя алады, сұраққа жауап береді;
10 10) сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгісін қояды;
11 11) айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді еске сақтап, естуі бойынша жазады;
12 12) көркем жазу талаптарына сай, жазу жолы, жол аралығын, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріптің, әріптердің өзара байланыс элементтерін жазады;
13 13) ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі;
14 14) еліміздің рәміздерін (Әнұран, Елтаңба, Ту) біледі.
2 Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Букварь» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту орыс тілінде)
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2021 жылғы 26 наурыздағы
№ 123 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына
176-қосымша
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған
«Букварь» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы
(оқыту орыс тілінде)
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. «Букварь» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
2 2. Бағдарлама құрылымы мен мазмұны жалпыдидактикалық қағидаттар және А. Байтұрсынұлының әдістемелік қағидаттары негізінде айқындалды:
1 1) дыбыспен жаттығу;
2 2) әрбір дыбыстың сөз жасаудағы қызметін есепке алу;
3 3) оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту;
4 4) білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу.
3 3. «Букварь» оқу пәнінің мақсаты - әріп таныту, оқу мен жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдар мен сөйлеу әрекетінің түрлерін және ұлттық рухани құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру.
4 4. «Букварь» пәнінің міндеттері:
1 1) оқу әрекетіне бейімдеу;
2 2) дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін (сөйлеу) туралы қарапайым түсінік (ажырату, салыстыру, топтастыру және талдау) қалыптастыру;
3 3) дыбыс пен әріпті (баспа және жазба түрлері) үйрету;
4 4) оқу (буындап оқу, тұтас оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу) және жазу дағдыларын қалыптастыру;
5 5) коммуникативтік әрекет түрлерін жетілдіру, сөздік қорын байыту;
6 6) ұлттық рухани құндылықтардың, ана тіліне, Отанына, халқына, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне деген сүйіспеншіліктің негіздерін қалыптастыру.
2 2-тарау. «Букварь» пәнінің мазмұны
5 5. «Букварь» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 6 сағаттан, барлығы І жартыжылдықта 96 сағатты құрайды.
6 6. Оқу пәнінің мазмұны:
1 1) орыс тілінің дыбыстық және әріптік жүйесінен;
2 2) негізгі тілдік бірліктерден (дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін);
3 3) орыс тілі бойынша қарапайым грамматикалық дағдылардан;
4 4) орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалардың қарапайым түсініктерінен құралады.
7 7. «Букварь» пәнін оқыту екі кезең бойынша (букварға дейінгі кезең – 12 сағат, букварь кезеңі – 84 сағат) ұйымдастырылады.
8 8. «Букварь» пәнінің мазмұны І жартыжылдықта «Букварь» оқулығы (букварға дейінгі және букварь кезеңдері) арқылы жүзеге асырылады.
9 9. Әліпбидегі әріптер мен әрбір әріптің дыбыстық мәнін, қарапайым тілдік ұғым мен түсініктерді меңгертудің реті мен көлемі:
1 1) 1-тоқсан: тілдік ұғымдар туралы қарапайым түсінік (сөйлеу дағдылары) (сөйлеуге дейінгі кезең) - 12 сағат;
а, у и, о, ы – 10 сағат;
м, т, н, л с, р, ш – 14 сағат;
к, п, б, г – 8 сағат.
Ескерту: әріптерді зерделеуге 2 сағат, қалған сағаттар мұғалімнің қалауы бойынша қайталауға бөлінеді.
2 2) 2-тоқсан:
д, з, ж - 6 сағат;
е, е, в, й, ь, э, я, ю - 20 сағат;
х, ц, ч, щ, ф, ъ (бөлу) – 12 сағат.
Ескерту: әріптерді зерделеуге 2 сағат, е, ё, ю, я әріптерін зерделеуге – 3 сағат бөлінеді, қалған сағаттар мұғалімнің қалауы бойынша қайталауға бөлінеді. Әріптер оқу бағдарламасында берілген ретпен оқытылады.
10 10. Букварға дейінгі кезеңнің міндеттері:
1 1) оқу әрекетіне қызығушылығын ояту;
2 2) сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы қарапайым түсінік қалыптастыру;
3 3) сөйлеу туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру (дыбыс, буын, екпін, сөз, сөйлем);
4 4) сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс сызба-модельдерін ажырату және қолдану дағдыларын қалыптастыру;
5 5) жазуға дайындық кезеңінде - қолдың ұсақ моторикасын дамыту (бояу, сурет салу, түрлі бағытта сызықтар жүргізу, сұлба салу, әріп элементтерін жазу).
6 6) тыңдай білуге және сұрақты түсінуге, сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрету.
Ескерту: тыңдау материалының көлемі 10 сөйлемнен, өлең шумақтары 3-тен аспауы керек.
11 11. Букварь кезеңінің міндеттері:
1 1) орыс әліпбиінің дыбыс пен әріптерін таныту, дыбыстардың айтылуына жаттықтыру;
2 2) дауысты және дауыссыз дыбыс түрлерін ажыратуға жаттықтыру;
3 3) әріптердің баспа және жазба түрлерін үйрету;
4 4) дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрауға, жазуға, оқуға үйрету;
5 5) дұрыс, үзбей, буындап оқу дағдыларын қалыптастыру;
6 6) көркем жазу дағдыларын қалыптастыру;
7 7) сөздік қорын байыту, өз ойын жеткізе білуге үйрету;
8 8) негізгі тыныс белгі түрлерін (нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі) қолдана білуді қалыптастыру;
9 9) ұлттық рухани құндылықтарға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Ескерту: І жартыжылдық бойынша жазба жұмыстарының көлемі: букварьға дейінгі кезеңде графикалық диктант – 1-3 таңба, букварь кезеңінде әріптік диктант – 3-5 әріп, буын диктанты – 3-6 буын, сөздік диктант – 2-5 сөз, диктант – 3-12 сөз. Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай белгілейді. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі ұйымдастыру ұсынылады.
12 12. «Букварь» пәнінің базалық білім мазмұны.
13 13. Тыңдалым мен айтылым:
1 1) мұғалімнің, өзге білім алушылардың сөзін тыңдай білу, тыңдалым мәнін түсіну, сұраққа дұрыс әрі нақты жауап беруді қалыптастыру;
2 2) ертегі айту; өлең, санамақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақты жатқа айту;
3 3) дауысты және дауыссыз дыбыстарды; ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстарды ажырата білуді; сөздерді буындарға бөлуді; дауысты дыбыстардың буын құрауын білу;
4 4) дыбыстың әріппен жазылуын; сөздің дыбыстық және әріптік құрамының сәйкестігін/ сәйкес еместігін анықтау;
5 5) сөздік қорын байыту; сөзді тіркестіре білу, сөйлем және шағын мәтін (сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрау; көрген-білгені, естігені туралы әңгімелеу) құрай білу;
6 6) сөз әдебінің формаларын қолдану (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу).
Ескерту: Тыңдалым материалының көлемі: 30 сек-1мин.
14 14. Оқылым:
1 1) сөздер мен сөйлемдердің құрылымын сызба арқылы түсініп, тани білу (сөздегі буын санын, сөйлемдегі сөз санын анықтау);
2 2) сөздің мағынасын, сөйлемде айтылған ойды түсіну;
3 3) дыбыстардың дауысты және дауыссыз дыбыстарға бөлінуін білу (артикуляциялық, акустикалық); дыбыс пен күйзелістің маңызды рөлін түсіну ([мал] - [мал], [замок] - [замок]), бір немесе бірнеше дыбыстармен ерекшеленетін сөздерді салыстыру;
4 4) сөйлемді (2-6 сөз), мәтінді (4-10 сөйлем) түсініп, дауыстап оқу;
5 5) буындап оқудан сөзді үзбей тұтас оқуға, одан әрі сөйлемдерді оқуға ауысу.
Ескерту: Оқуға берілген мәтіннің көлемі букварь кезеңінің басында 4-6 сөйлемнен, соңында 10 сөйлемнен аспауы керек. Әр сөйлемдегі сөздердің саны 2-6-дан аспауы керек.
15 15. Жазылым:
1
1) жазуға дайындық (дұрыс отырғызу, жарықтың дұрыс түсуі, дәптердің көлбеу орналасуы және жазу кезінде қарындаш/қаламды ұстай білу); парақтағы кеңістікті бағдарлай білуді қалыптастыру (жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жазу жолының жоғарғы және төменгі сызықтары мен тік көлбеу сызықтардан шықпау); сурет салу, штрихтау, бастыра жазу, әріп элементтерін жазу;