Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение Таскалинского районного маслихата от 3 декабря 2013 года № 18-1 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Таскалинского района»

Ереже · № 12-2 · қабылданған 17.05.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2013-no-18-1-ekb-112978/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение Таскалинского районного маслихата от 3 декабря 2013 года № 18-1 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Таскалинского района» Күшін жойған Ереже ·№ 12-2 ·17.05.2017
21.02.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение Таскалинского районного маслихата от 3 декабря 2013 года № 18-1 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Таскалинского района»

Күшін жойған Ереже ·№ 12-2 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение Таскалинского районного маслихата от 3 декабря 2013 года № 18-1 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Таскалинского района»
Атауы (қаз.)
Тасқала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 18-1 «Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
12-2
Қабылданған күні
17.05.2017
Көрсетілген редакция
21.02.2020 112978_446098.kaz
Соңғы өзгеріс
21.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17ZK004818
ЭКБ идентификаторы
112978
Редакция идентификаторы
112978_446098
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:05

0 Тасқала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы №18-1 «Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 15 маусымдағы №1224 «Қазақстан Республикасында Мүгедектер күнін белгілеу туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Тасқала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы №18-1 «Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3386 болып тіркелген, 2014 жылы 14 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспе бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 15 маусымдағы №1224 «Қазақстан Республикасында Мүгедектер күнін белгілеу туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы
4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылғы
13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы
15 маусымдағы №1224 «Қазақстан Республикасында Мүгедектер күнін белгілеу туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы
21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.»;
2-тармақта 11), 12), 13), 14), 15) тармақшалар алынып тасталсын;
9-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қатерлі ісік ауруларына, емделудің сүйемелдеу кезеңіндегі туберкулезбен ауруларға, аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде табысын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, санаторлық-курорттық емделуге жолданған мүгедектерге және мүгедек балаларға жол жүру құжаттарын (билеттер) ұсынған кезде, шығу пунктінен межелі орынға дейін және кейін қайтуға дейін, плацкарттық вагон орны бағасы мөлшерінде төлем жүргізіледі;»;
12-1, 14-1, 14-2, 14-3, 14-4, 14-5, 14-6, 24-1, 27-1 тармақтары алынып тасталсын;
Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасының 1-қосымшасындағы бесінші баған мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні – қазан айының екінші жексенбісі бір жолғы»;
Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасының 2-қосымшасындағы бірінші баған мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдайда қалған азамат (отбасы) табысын есепке алмай 50 АЕК бір ай мерзімде».

2 2. Тасқала аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Т. Ержігітова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
________________И.Стексов
«26» мамыр 2017 жыл

Қолданыстағы