О внесении изменений в решение Таскалинского районного маслихата от 3 декабря 2013 года № 18-1 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Таскалинского района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Таскалинского районного маслихата от 3 декабря 2013 года № 18-1 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Таскалинского района"
- Атауы (қаз.)
- Тасқала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 18-1 "Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 25-4
- Қабылданған күні
- 22.05.2014
- Көрсетілген редакция
- 21.02.2020 80416_446102.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14ZK003550
- ЭКБ идентификаторы
- 80416
- Редакция идентификаторы
- 80416_446102
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:37
0 Тасқала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 18-1 "Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Тасқала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 18-1 "Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3386 тіркелген, 2014 жылғы 17 қаңтардағы "Екпін" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасының 8 тармағында:
1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық шығындарына 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 3000 теңге мөлшерінде, соның ішіндегі екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
2) тармақшасы алынып тасталсын.