Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 3 января 2013 года № 2/1 "О согласовании расположения помещений для проведения религиозных обрядов за пределами культовых зданий (сооружений)"

Қаулы · № 160/5 · қабылданған 11.05.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2013-no-21/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 3 января 2013 года № 2/1 "О согласовании расположения помещений для проведения религиозных обрядов за пределами культовых зданий (сооружений)" Қолданыста Қаулы ·№ 160/5 ·11.05.2014
11.05.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 3 января 2013 года № 2/1 "О согласовании расположения помещений для проведения религиозных обрядов за пределами культовых зданий (сооружений)"

Қолданыста Қаулы ·№ 160/5 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 3 января 2013 года № 2/1 "О согласовании расположения помещений для проведения религиозных обрядов за пределами культовых зданий (сооружений)"
Атауы (қаз.)
Павлодар облысы әкімдігінің 2013 жылғы 3 қаңтардағы "Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы" № 2/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
160/5
Қабылданған күні
11.05.2014
Көрсетілген редакция
11.05.2014 80072_126455.kaz
Соңғы өзгеріс
11.05.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14P0003817
ЭКБ идентификаторы
80072
Редакция идентификаторы
80072_126455
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:43

0 Павлодар облысы әкімдігінің 2013 жылғы 3 қаңтардағы "Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы" № 2/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңының 5-бабына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Павлодар облысы әкімдігінің 2013 жылғы 3 қаңтардағы "Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы" № 2/1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3402 болып тіркелген, 2013 жылғы 7 ақпандағы № 15 "Звезда Прииртышья", 2013 жылғы 7 ақпандағы № 15 "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының преамбуласындағы "4-тармақшасына" саны мен сөзі "7) тармақшасына" санымен және сөзімен ауыстырылсын.

2 2. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылауды облыс әкімінің орынбасары А.А. Өрсариевке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы