О внесении изменений в решение Ерейментауского районного маслихата от 3 октября 2013 года № 5С-19/3-13 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Ерейментауском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Ерейментауского районного маслихата от 3 октября 2013 года № 5С-19/3-13 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Ерейментауском районе»
- Атауы (қаз.)
- Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 қазандағы № 5С-19/3-13 «Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6С-10/8-16
- Қабылданған күні
- 26.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2020 109027_458425.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16BI005686
- ЭКБ идентификаторы
- 109027
- Редакция идентификаторы
- 109027_458425
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:36
0 Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 қазандағы № 5С-19/3-13 «Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 қазандағы № 5С-19/3-13 «Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3854 болып тіркелген, аудандық «Ереймен» газетінде 2013 жылғы 2 қарашасында, аудандық «Ерейментау» газетінде 2013 жылғы 2 қарашасында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына:
2 тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«8) уәкілетті ұйым – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы - «Әлеуметтік төлемдері ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің Ерейментау аудандық бөлімшесі;»;
8 тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«5) аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз тобына жататын колледждерде ақылы негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттеріне. Аз қамтылған отбасылардың, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз тобына жататын, жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын, студенттеріне;
аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік–әлсіз тобына жататын, жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде интернатурада оқитын студенттеріне (Қазақстан Республикасы бойынша тұрғылықты тұратын жеріне қарамастан);»;
9 тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«4) кірістері есептелмей әлеуметтік көмек келесі азаматтарға (отбасыларына) көрсетіледі:
қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарға екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру, өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін, үш айдан кешіктірмей «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар бойынша министрлігі Ақмола облысы төтенше жағдайлар бойынша департаменті Ерейментау ауданының төтенше жағдайлар бойынша бөлімі» мемлекеттік мекемесінің анықтамасы негізінде. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері жүз елу айлық есептік көрсеткішке тең;
әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға (онкологиялық аурулармен, туберкулезбен ауыратын, амбулаторлық емделудегі тұлғаларға) дәрігерлік консультациялық кеңестің қорытындысы бойынша он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;».
2 2. Осы шешiм Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Ерейментау ауданының әкімі Е. Нұғыманов
«26» желтоқсан 2016 жыл