Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Ерейментауского районного маслихата от 3 октября 2013 года № 5С-19/3-13 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Ерейментауском районе»

Ереже · № 6С-29/4-18 · қабылданған 24.08.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2013-no-5-193-13-ekb-124707/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Ерейментауского районного маслихата от 3 октября 2013 года № 5С-19/3-13 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Ерейментауском районе» Күшін жойған Ереже ·№ 6С-29/4-18 ·24.08.2018
20.04.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Ерейментауского районного маслихата от 3 октября 2013 года № 5С-19/3-13 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Ерейментауском районе»

Күшін жойған Ереже ·№ 6С-29/4-18 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Ерейментауского районного маслихата от 3 октября 2013 года № 5С-19/3-13 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Ерейментауском районе»
Атауы (қаз.)
Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 қазандағы № 5С-19/3-13 «Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6С-29/4-18
Қабылданған күні
24.08.2018
Көрсетілген редакция
20.04.2020 124707_458417.kaz
Соңғы өзгеріс
20.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18BI006780
ЭКБ идентификаторы
124707
Редакция идентификаторы
124707_458417
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:26

0 Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 қазандағы № 5С-19/3-13 «Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Ерейментау аудандық мәслихатының «Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 3 қазандағы № 5С-19/3-13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3854 болып тіркелген, аудандық «Ереймен» газетінде 2013 жылғы 2 қарашасында, аудандық «Ерейментау» газетінде 2013 жылғы 2 қарашасында жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
9-тармақтың 6)-тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

6 «6) күнкөріс деңгейінен төмен кірісі бар отбасыларға (азаматтарға), жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:

медициналық мекемеден эпикриз қорытындысының көшірмесі негізінде шұғыл емделуіне (ота);
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 15724 тіркелген) бұйрығымен бекітілген тізбеге кірмейтін дәрілік препараттарды сатып алғандары үшін дәрігерлік-кеңестік комиссиясының қорытындысы бойынша;».

2 2. Осы шешiм Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Ерейментау ауданының әкімі В. Радченко
2018 жылғы 24 тамыз

Қолданыстағы