Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Ерейментауского районного маслихата от 3 октября 2013 года № 5С-19/3-13 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Ерейментауском районе»

Ереже · № 5С-34/3-14 · қабылданған 26.12.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2013-no-5-193-13-ekb-86668/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Ерейментауского районного маслихата от 3 октября 2013 года № 5С-19/3-13 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Ерейментауском районе» Күшін жойған Ереже ·№ 5С-34/3-14 ·26.12.2014
20.04.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Ерейментауского районного маслихата от 3 октября 2013 года № 5С-19/3-13 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Ерейментауском районе»

Күшін жойған Ереже ·№ 5С-34/3-14 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Ерейментауского районного маслихата от 3 октября 2013 года № 5С-19/3-13 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Ерейментауском районе»
Атауы (қаз.)
Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 қазандағы № 5С-19/3-13 «Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5С-34/3-14
Қабылданған күні
26.12.2014
Көрсетілген редакция
20.04.2020 86668_458413.kaz
Соңғы өзгеріс
20.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14BI004617
ЭКБ идентификаторы
86668
Редакция идентификаторы
86668_458413
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:16

0 Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 қазандағы № 5С-19/3-13 «Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Ерейментау аудандық мәслихатының «Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 3 қазандағы № 5С-19/3-13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3854 болып тіркелген, аудандық «Ереймен» газетінде 2013 жылғы 2 қарашасында, аудандық «Ерейментау» газетінде 2013 жылғы 2 қарашасында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына:
8 тармақтың он екінші абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:
«аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз тобына жататын, колледждерде ақылы негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттеріне. Аз қамтылған отбасылардың, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз тобына жататын, жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын, студенттеріне;»;
8 тармақтың он бесінші абзацының 5) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз тобына жататын колледждерде ақылы негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттеріне. Аз қамтылған отбасылардың, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз тобына жататын, жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын, студенттеріне;»;
9 тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«6) аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз тобына жататын, студенттеріне колледждерде бір оқу жылының оқу шығындарын жүз пайызға өтеу, оқуды аяқтағаннан кейін Ерейментау ауданында үш жыл жұмыспен өтеу есебімен;
жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын студенттерге оқуды аяқтағаннан кейін Ерейментау ауданында бес жыл жұмыспен өтеу есебімен. Төлем білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың көшірмесі, аудан әкімі, студент және жұмыс беруші арасында жасалған келісім шарттың, оқу орнынан берілген анықтаманың және өтініш берушінің (отбасының) аз қамтылған азаматтар (отбасылар) қатарына жататынын немесе халықтың әлеуметтік-әлсіз тобына жататынын растайтын анықтама негізінде аудандық бюджет есебінен жүргізіледі.».

2 2. Осы шешiм Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Ерейментау ауданының әкімі Е. Нұғыманов
«26» желтоқсан 2014 жыл

Қолданыстағы