О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 3 декабря 2013 года № 704 «Об утверждении Типового регламента маслихата»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 3 декабря 2013 года № 704 «Об утверждении Типового регламента маслихата»
- Атауы (қаз.)
- «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 566
- Қабылданған күні
- 20.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 20.10.2017 115419_246082.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.10.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1700000566
- ЭКБ идентификаторы
- 115419
- Редакция идентификаторы
- 115419_246082
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:34
0 «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 704 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 70, 921-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Тиісті аумақ бюджетінің жобасы мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады. Мәслихаттың хатшысы бюджеттің жобасын қарау жөніндегі депутаттық уақытша жұмыс тобын құрады, оның құрамына мәслихат аппаратының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарының өкілдері қосылуы мүмкін.
Тұрақты комиссиялар уақытша жұмыс тобының пікірін ескере отырып, тиісті негіздемелермен және есептеулермен тиісті аумақ бюджетінің жобасы бойынша ұсыныстар әзірлейді және оларды ұсыныстарды жинақтау мен тиісті аумақ бюджетінің жобасы бойынша қорытынды әзірлеуді жүзеге асыратын бейінді тұрақты комиссияға жібереді.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган сессия басталуынан кемінде екі апта бұрын сессия төрағасына, мәслихаттың хатшысына барлық қажетті материалдарды қоса бере отырып, бюджет туралы шешім жобасының түпкілікті нұсқасын ұсынады.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті Қазақстан Республикасының Президенті Республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей тиісті мәслихаттың сессиясында бекітіледі. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей тиісті мәслихат бекітеді. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерін аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті бекіту туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты бекітеді.».