О внесении изменений в постановление акимата от 3 декабря 2013 года № 970 "Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры, работающих в сельской местности и имеющих право на повышенные на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки за счет средств районного бюджета"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата от 3 декабря 2013 года № 970 "Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры, работающих в сельской местности и имеющих право на повышенные на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки за счет средств районного бюджета"
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 970 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларға құқығы бар ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 526
- Қабылданған күні
- 06.08.2014
- Көрсетілген редакция
- 12.06.2015 82922_207741.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14NN005058
- ЭКБ идентификаторы
- 82922
- Редакция идентификаторы
- 82922_207741
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:52
0
Әкімдіктің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 970 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларға құқығы бар ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актiлерiне агроөнеркәсiптiк кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қостанай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 970 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларға құқығы бар ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4400 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 қаңтарда "Арна" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар аудандық бюджет қаражаты есебінен белгіленетін лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар аудандық бюджет қаражаты есебінен белгіленетін лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.";
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қостанай аудандық
мәслихатының хатшысы
___________ А. Досжанов
3 Әкімдіктің
2014 жылғы 6 тамыздағы
№ 526 қаулысына қосымша
Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленетін лауазымдарының тізбесі