Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Таскалинского районного маслихата от 3 декабря 2013 года №18-1 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Таскалинского района»

Ереже · № 22-6 · қабылданған 03.04.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2013-no18-1-ekb-120949/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Таскалинского районного маслихата от 3 декабря 2013 года №18-1 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Таскалинского района» Күшін жойған Ереже ·№ 22-6 ·03.04.2018
21.02.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Таскалинского районного маслихата от 3 декабря 2013 года №18-1 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Таскалинского района»

Күшін жойған Ереже ·№ 22-6 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Таскалинского районного маслихата от 3 декабря 2013 года №18-1 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Таскалинского района»
Атауы (қаз.)
Тасқала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы №18-1 «Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
22-6
Қабылданған күні
03.04.2018
Көрсетілген редакция
21.02.2020 120949_446094.kaz
Соңғы өзгеріс
21.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18ZK005172
ЭКБ идентификаторы
120949
Редакция идентификаторы
120949_446094
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:59

0 Тасқала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы №18-1 «Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 15 маусымдағы №1224 «Қазақстан Республикасында Мүгедектер күнін белгілеу туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Тасқала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы №18-1 «Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3386 болып тіркелген, 2014 жылы 14 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) емделудің сүйемелдеу кезеңіндегі туберкулезбен ауыратын ауруларға, аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде 3 АЕК мөлшерінде көрсетіледі.»;
9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қатерлі ісік ауруларға дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде табысын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;».

2 2. Тасқала аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Т. Ержігітова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
________________Б.Қонысбаева
«11» сәуір 2018 жыл
Ескерту: аббревиатураның толық жазылуы:
АЕК – айлық есептік көрсеткіш.

Қолданыстағы