Об определении черты бедности на 3 квартал 2013 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении черты бедности на 3 квартал 2013 года
- Атауы (қаз.)
- 2013 жылғы 3 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 274-Ө-М
- Қабылданған күні
- 26.06.2013
- Көрсетілген редакция
- 26.09.2013 AI73214_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.09.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008529
- ЭКБ идентификаторы
- 73214
- Редакция идентификаторы
- AI73214_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:53
0 2013 жылғы 3 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін Қазақстан Республикасының күнкөрісі төмен азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету өлшемдерін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасы бойынша 2013 жылғы 3 тоқсанға арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде анықталсын.
2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2013 жылдың 2 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы» 2012 жылғы 28 наурыздағы № 125-Ө-М бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 8394 тіркелген және 2013 жылғы 6 сәуірдегі «Казахстанская правда» № 121-122, 2013 жылғы 6 сәуірдегі «Егемен Қазақстан» № 101 газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.