О признании утратившим силу постановления акимата города Астаны от 3 июля 2014 года № 113-1099 «Об утверждении ставки арендной платы за предоставление в имущественный наем (аренду) государственного коммунального имущества города Астаны»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившим силу постановления акимата города Астаны от 3 июля 2014 года № 113-1099 «Об утверждении ставки арендной платы за предоставление в имущественный наем (аренду) государственного коммунального имущества города Астаны»
- Атауы (қаз.)
- «Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру үшін жалдау төлемақысының мөлшерлемесін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 3 шілдедегі № 113-1099 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 206-1011
- Қабылданған күні
- 23.05.2017
- Көрсетілген редакция
- 23.05.2017 112664_192259.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.05.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17ABW01106
- ЭКБ идентификаторы
- 112664
- Редакция идентификаторы
- 112664_192259
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:02
0 «Астана қаласының мемлекеттік
коммуналдық мүлкін мүліктік
жалдауға (жалға алуға) беру үшін
жалдау төлемақысының
мөлшерлемесін бекіту туралы»
Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 3 шілдедегі
№ 113-1099 қаулысының күші
жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 960 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 95783 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Ұттық экономика министрінің «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10467 болып тіркелген) сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру үшін жалдау төлемақысының мөлшерлемесін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 3 шілдедегі № 113-1099 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 830 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 тамыздағы № 91 (3148) «Астана ақшамы», 2014 жылғы 16 тамыздағы № 90 (3166) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2
2. «Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жазба және электрондық түрде жолдау және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.