О внесении изменения и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 3 марта 2014 года № 135 "Об утверждении регламента государственной услуги "Продление и выдача выездных виз"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 3 марта 2014 года № 135 "Об утверждении регламента государственной услуги "Продление и выдача выездных виз"
- Атауы (қаз.)
- "Шығу визаларын ұзарту және беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 135 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 376
- Қабылданған күні
- 25.06.2014
- Көрсетілген редакция
- 30.05.2015 AI81917_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.05.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14C0009666
- ЭКБ идентификаторы
- 81917
- Редакция идентификаторы
- AI81917_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:20
0 "Шығу визаларын ұзарту және беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 135 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 133 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 135 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9228 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 23 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент):
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушінің өзара өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар, оларды толтыру үлгілері туралы толық ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Ішкі істер министрлігінің mvd.gov.kz, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон полициясы бөліністерінің ғимараттарында орналасқан стенділерде орналастырылады.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 25 маусымдағы
№ 376 бұйрығына
қосымша
«Шығу визаларын ұзарту және
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша
«Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы