О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 3 июля 2014 года № 410 «Об утверждении Правил создания, использования и совершенствования информационных систем, информационно-коммуникационных и телекоммуникационных сетей, сетей связи
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 3 июля 2014 года № 410 «Об утверждении Правил создания, использования и совершенствования информационных систем, информационно-коммуникационных и телекоммуникационных сетей, сетей связи
- Атауы (қаз.)
- «Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құру, пайдалану және жетілдіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 3 шілдедегі № 410 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1013
- Қабылданған күні
- 26.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 26.11.2019 136575_432877.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.11.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019665
- ЭКБ идентификаторы
- 136575
- Редакция идентификаторы
- 136575_432877
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:40
0 «Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құру, пайдалану және жетілдіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 3 шілдедегі № 410 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құру, пайдалану және жетілдіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 3 шілдедегі № 410 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9693 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құру, пайдалану және жетілдіру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ақпараттандыру және байланыс қызметі – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының және оның аумақтық ішкі істер органдарының бөлімшесі;»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құру тәртібі»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілердің, байланыс желілерінің тізбесі сәйкестілігін қамтамасыз ету мақсатында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес ақпараттандыру және байланыс қызметімен келісуге жатады.»;
8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Ішкі істер органдарының құрылымдық, аумақтық бөлімшелері және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері енгізуге жоспарланған барлық ақпараттық жүйелердің, телекоммуникациялық желілердің және байланыс желілерінің құжаттамаларын, сондай-ақ оларды еріп жүруді және дамытуды ақпараттандыру және байланыс қызметімен келісуді қамтамасыз етеді.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Тапсырыс беруші қызмет пен ақпараттандыру және байланыс қызметінің қауіпсіз және сапалы өзара іс қимыл жасалуы қамтамасыз ету үшін «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелерге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 111/НҚ бұйрығына сәйкес жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақ жүргізеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18795 болып тіркелген.)»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін пайдалану және жетілдіру тәртібі»;
қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттандыру және байланыс департаменті (Т.Т. Ахметов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттандыру және байланыс департаментіне
(Т.Т. Ахметов) жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Ақпараттық жүйелер, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілер, байланыс желілер тізбесі
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылы «___» _________
№ ________
бұйрығына қосымша
Ақпараттық жүйелерді,
ақпараттық-коммуникациялық
және телекоммуникациялық
желілерді, байланыс желілерін
құру, пайдалану және жетілдіру
қағидаларына қосымша
Ақпараттық жүйелер, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілер, байланыс желілер
тізбесі