О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 3 июля 2014 года № 410 «Об утверждении Правил создания, использования и совершенствования информационных систем, информационно-коммуникационных и телекоммуникационных сетей, сетей связи»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 3 июля 2014 года № 410 «Об утверждении Правил создания, использования и совершенствования информационных систем, информационно-коммуникационных и телекоммуникационных сетей, сетей связи»
- Атауы (қаз.)
- «Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құру, пайдалану және жетілдіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 3 шілдедегі № 410 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 410
- Қабылданған күні
- 20.05.2024
- Көрсетілген редакция
- 20.05.2024 197085_701115.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034413
- ЭКБ идентификаторы
- 197085
- Редакция идентификаторы
- 197085_701115
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:29
0 «Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құру, пайдалану және жетілдіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 3 шілдедегі № 410 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құру, пайдалану және жетілдіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 3 шілдедегі № 410 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9693 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құру, пайдалану және жетілдіру қағидаларында:
9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Тапсырыс беруші қызмет пен ақпараттандыру және байланыс қызметінің қауіпсіз және сапалы өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз ету үшін «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 111/НҚ бұйрығына сәйкес жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақ жүргізеді» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18795 болып тіркелген);
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттандыру және байланыс департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі