О внесении дополнений в постановлениеакимата Акмолинской области от 3 апреля 2014 года № А-4/123 «Об утверждении регламента государственной услуги «Назначение жилищной помощи»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановлениеакимата Акмолинской области от 3 апреля 2014 года № А-4/123 «Об утверждении регламента государственной услуги «Назначение жилищной помощи»
- Атауы (қаз.)
- «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 сәуірдегі № А-4/123 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-1/2
- Қабылданған күні
- 05.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 05.06.2015 86650_167668.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15B0004639
- ЭКБ идентификаторы
- 86650
- Редакция идентификаторы
- 86650_167668
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:06
0 «Тұрғын үй көмегін тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентін бекіту туралы»
Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 3 сәуірдегі № А-4/123
қаулысына толықтырулар енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 сәуірдегі № А-4/123 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4170 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 маусымда «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті:
келесі мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:
«17. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс- қимылдарының, сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 4, 5, 6-қосымшаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.»;
осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес 4, 5, 6-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 5 қаңтардағы
№ А-1/2 қаулысына
1- қосымша
«Тұрғын үй көмегін тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің
регламентіне 4-қосымша
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
көрсетудің бизнес-үрдіс анықтамалығы
5 Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 5 қаңтардағы
№ А-1/2 қаулысына
2-қосымша
«Тұрғын үй көмегін тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентіне
5-қосымша
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
көрсетудің бизнес-үрдіс анықтамалығы
6 Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 5 қаңтардағы
№ А-1/2 қаулысына 3-қосымша
«Тұрғын үй көмегін тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің
регламентіне 6-қосымша
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бизнес-процестерінің анықтамалығы