О внесении изменения в постановление акимата от 3 февраля 2014 года № 57 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов на территории Джангельдинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата от 3 февраля 2014 года № 57 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов на территории Джангельдинского района»
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 57 «Жангелдин ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 68
- Қабылданған күні
- 25.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 25.06.2018 123304_335911.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18NI007917
- ЭКБ идентификаторы
- 123304
- Редакция идентификаторы
- 123304_335911
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:56
0 Әкімдіктің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 57 «Жангелдин ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Әкімдіктің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 57 «Жангелдин ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4472 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 наурызда «Біздің Торғай» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
әкімдік қаулысының қосымшасында реттік нөмірі, 5-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
5
Ахмет Байтұрсынұлы ауылы
«Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта;
Ахмет Байтұрсынұлы ауылының клубы жанындағы тақта.
».
2 2. «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3 3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жангелдин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жангелдин ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Жангелдин аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
______________ С. Бидашев
2018 жылғы 25 маусым